Талдықорғанда жүргізуші бағдаршамның қызыл жанғанын елемей, жоғары жылдамдықпен мопедтегі екі жасөспірімді қағып кеткен. Оқиғаға қатысты 2026 жылғы 2 сәуірде өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді, деп хабарлайды kaz.365info сайты BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде тарады. Видеодан қатты соққы сәті анық көрінеді, соның салдарынан екі жасөспірім жол қоршауынан асып кеткен. Қазіргі уақытта зардап шеккендердің екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайлары ауыр. Бұл дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.