Алматы қалалық ТЖ бөліміне Кіші Алматы өзенінің арнасында «Алмарасан» шатқалында көлік тұрып қалғаны туралы хабарлама түскен. Хабарлама түскеннен кейін ТЖМ «Барыс» РЖҚ құтқарушылары, Құтқару қызметі, Алматы қ. ТЖД қызметкерлері және «Қазселденқорғау» мамандары жедел түрде оқиға орнына барды.
«ТЖМ Қазселденқорғау автокранының көмегімен, сондай-ақ құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында автокөлік судан шығарылып, иесіне берілді. Зардап шеккендер жоқ», – делінген хабарламада.
Құтқарушылар қауіпсіздік шараларын сақтауды және су деңгейі көтерілген кезеңде өзен арналары мен тау шатқалдарына автокөлікпен бармауды ескертеді.