Нұр-Сұлтан
Қазір
-22
Ертең
-12
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Вьетнамда жоғалған қазақ қызын іздестіріліп жатыр

Отбасының мәліметінше, соңғы банктік операция 6 наурыз күні сағат 15:08-де тіркелген, бұл кезде таксиге қаржы төленіпті. Сондай-ақ жоғалар алдында қыздың америкалық әйелмен бірге түскі ас ішкені белгілі. Жақындарымен сөйлескен кезде оның сөзі түсініксіз болып көрінген, әрі олар оның біртүрлі күйде болғанын байқаған.

Туыстарының айтуынша, Әсем шамамен сегіз-тоғыз жылдан бері жалғыз саяхаттап жүр, алайда бұған дейін мұндай жағдай болмаған. Отбасы Вьетнамдағы Қазақстан консулына жүгінген, алайда олардың айтуынша, демалыс күндеріне байланысты ресми рәсімдер тек дүйсенбі күні басталады. Жақындары Вьетнамда жүрген немесе қыздың қайда екені туралы ақпарат білетін адамдардан хабарласып, іздеуге көмектесуді сұрайды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз