Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Coca-Cola Içecek Kazakhstan компаниясы Ақтөбе қаласында алкогольсіз сусындар өндіретін жаңа өнеркәсіптік жобаны іске асыру туралы инвестициялық келісімге қол қойды. Құжатқа ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сейпелұлы Сапаров және Coca-Cola Içecek Kazakhstan компаниясының бас директоры Вели Динчель қол қойды.
Компания зауыт құрылысын биыл бастауды жоспарлап отыр. Инвестиция көлемі 41,9 млрд теңгені құрайды, ал кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 280 млн литрге дейін сусын өндіруге мүмкіндік береді. Жаңа өндірістік кешен Алматы, Астана және Шымкент қалаларындағы кәсіпорындардан кейін Қазақстандағы Coca-Cola Içecek-тің төртінші зауыты болмақ.
«Аталған келісімді жасау Қазақстанға ұзақ мерзімді инвестиция салуға деген берік ұстанымымызды көрсетеді. Ақтөбедегі жаңа зауыт компания үшін маңызды қадам болмақ: ол өндіріс географиясын кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірдің тұрақты дамуына ықпал етеді. Қазақстан біз үшін жоғары өсу әлеуеті бар стратегиялық нарық болып қала береді. Жобаның жүзеге асуы өндірістік тұрақтылығымызды нығайтып, жергілікті қауымдастықтар үшін қосымша мүмкіндіктер ашады деп сенеміз», – деді Coca-Cola Içecek Kazakhstan компаниясының бас директоры Вели Динчель.
Зауыт іске қосылғаннан кейін 130-дан астам жаңа жұмыс орны ашылып, Ақтөбе өңірінің дамуына қосымша серпін береді. Өндіріс халықаралық тұрақты даму талаптарына сәйкес келетін қалдықтарды экологиялық тұрғыда басқару жүйелерін қоса алғанда, заманауи технологиялармен жабдықталатын болады.
«Coca-Cola Içecek Kazakhstan компаниясының Ақтөбеде жаңа зауыт салуы – мемлекет пен жекеменшік сектор арасындағы табысты ынтымақтастықтың жарқын үлгісі. Бұл жоба өңірдің өндірістік әлеуетін арттырып, заманауи әрі экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізуге ықпал етеді. Біз халықаралық компаниялардың Қазақстанға ұзақ мерзімді инвестиция салуға деген қызығушылығын құптаймыз және оларды іске асыру үшін қажетті қолдау көрсетуге дайынбыз», – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.
Coca-Cola Içecek (CCI) туралы анықтамалық ақпарат
Coca-Cola Içecek – Anadolu Group құрамына кіретін халықаралық сусын өндіруші компания. CCI 12 елде қызмет етеді, оның ішінде Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Ирак, Иордания, Пәкістан, Бангладеш, Тәжікстан, Түрікменстан және Сирия бар.
Coca-Cola компаниясы Қазақстанда 1994 жылдан бері жұмыс істейді.
Осы уақыт ішінде: