Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязево ауылында «Creative IT Center» орталығы салтанатты түрде ашылды. Бұл СҚО-дағы жетінші аудандық хаб, ол Qyzyljar Creative Center өңірлік хабы желісінің бөлігіне айналмақ.
Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың, білім беру мекемелерінің, бизнес құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ мектеп оқушылары мен ауданның белсенді жастары қатысты. Орталық ауылдық елді мекендер тұрғындары арасында креативті индустрияны, цифрлық сауаттылықты және IT-кәсіпкерлікті дамытуға арналған.