Жаңа жылдан бастап Қазақстандағы университеттерде оқу ақысы орта есеппен 5-7 пайызға өсуі мүмкін. Бұл туралы Сенат кулуарында Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова мәлімдеді.
Журналистер экономикалық өзгерістер, соның ішінде жаңа Салық кодексінің қабылдануы мен қосылған құн салығының (ҚҚС) енгізілуі жоғары оқу орындарындағы ақылы білім беру бағасының өсуіне әсер ете ме деген сұрақ қойды.
«Алдыңғы жылдарды талдайтын болсақ, оқу ақысының өсуі, әдетте, өткен жылмен салыстырғанда 5-7 пайыздан аспаған», – деді Гүлзат Көбенова.
Сондай-ақ Көбенова жоғары оқу орындарының өздері оқу ақысын көтеру туралы бастамамен министрлікке ресми түрде жүгінбегенін атап өтті.