Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
0
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

«Астана Тазалық» жаңа маусымға жаңашылдықпен қадам басты

«Қала таңын ашатын да, көшені қыстан аман алып шығатын да – осы еңбек адамдары. Қардың астында қалмайтын да, көктайғақта сүріндірмейтінде – олардың маңдай тері», – деді ол.

«Астана Тазалық» ЖШС-нің мәліметінше, биылғы қысқы маусымда қала көшелері мен жолдарын тазалау және күтіп-ұстау жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде. Күн сайын желіге 700 жұмысшы шығып, орта есеппен 408 арнайы техника бірлігі қар тазалау және ауа райының өзгеруіне жедел әрекет ету үшін дайын тұрады. Қажетті материалдар қоры да толық көлемде жинақталған. Қоймаларда 1 200 м³-ден астам құм, 4 400 тонна көктайғаққа қарсы қоспалар және 1 000 тонна реагент сақтаулы. Ал арнайы техниканың үздіксіз жұмысын қала бойынша орналасқан үш сұйық реагент құю пункті қамтамасыз етеді. Олар «Есіл», «Нұра», «Сарайшық», «Алматы», «Сарыарқа» және«Байқоңыр» аудандарына қызмет көрсетіп, астаналықтардың жолда алаңсыз қозғалуына мүмкіндік береді.

Баспасөз туры барысында кәсіпорынның негізгі цифрлық шешімдері таныстырылды. Оның орталық элементі – электрондық жол парағы жүйесі. Бұл жүйе нақты уақыт режимінде қай арнайы техника қай жерде жұмыс істеп жатқанын, оның жүріп өткен маршрутын, қанша реагент себілгенін және жұмыстың қай уақытта басталғанын көрсетеді. Бұл бақылау құралы ғана емес, коммуналдық қызметтің ашықтығын арттыратын, жұмыстың тиімділігін бірнеше есе күшейтетін жаңашылдық. Бұл шешім қазіргі уақытта қаланың 393 арнайы техникасына енгізіліп, есептілікті автоматтандыру, ЖЖМ шығысының ашықтығы және тиімді маршруттық жоспарлау бойынша жоғары нәтижелер көрсетуде.

Кәсіпорындағы тағы бір заманауи жаңалық – көліктерге орнатылған жүргізушінің шаршауын бақылау жүйесі. Ол кабинаның ішіндегі барлық бұзушылықты тіркейді. Айталық, жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаса, маршрут ауыстырса немесе ұйықтап кетсе, жүйе бірден реакция білдіреді. Бұл апаттардың алдын алып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосады.

Өткен жылы «Астана Тазалық» кәсіпорны жол жұмысшыларына арналған демалыс пен тұрмыстық бөлмелерді күрделі жөндеуден өткізді. Бұл жоба Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен іске асырылып, қызметкерлердің күнделікті еңбек жағдайын едәуір жақсартуға мүмкіндік берді. Кәсіпорын Есіл және Нұра аудандарында орналасқан жалпы аумағы 1000 шаршы метрге жуық 10 бөлмені жаңартып, толыққанды тұрмыстық инфрақұрылым қалыптастырды. Бұрын жұмысшылар тар әрі қолайсыз жертөле типтес бөлмелерді пайдалануға мәжбүр болса, бүгінде 200-ден астам жол қызметкері жарық, кең, заманауи демалыс орындарын күнделікті қолдана алады.

Бұл бөлмелер жұмысшылардың жылынып, тынығып, келесі ауысымға дайындалуына арналған барлық жағдаймен жабдықталған.

Әлеуметтік қолдау шараларының маңызды бағытының бірі – қызметкерлерді баспанамен қамтамасыз ету. Осыған орайда кәсіпорын бірқатар нақты жобаларды іске асырып, 10 бір бөлмелі және екі бөлмелі қызметтік пәтерді, сондай-ақ 80 орындық жатақхананы пайдалануға берді. Бүгінде алғашқы жеті қызметкер жаңа пәтердің кілтін алып, қоныс тойын тойлауда.

Жаңа баспананың игілігін көріп отырғандардың қатарында – кәсіпорында бес жылдан астам уақыт еңбек етіп келе жатқан арнайы техника жүргізушісі Бақытжан Абдуалиев бар. Оның ұлы мен бауыры да «Астана Тазалық» құрамында қызмет етеді, яғни бұл отбасының бірнеше мүшесі қаланың тазалығы үшін күн сайын еңбек етеді. Компания тәжірибелі мамандарды ғана емес, жас кадрлардыда назардан тыс қалдырмайды. Жақында үйлі болғандардың арасында ұйымға бір жылдан астам уақыт бұрын келген жас жүргізуші Еркін Қадырбайда бар. Екі баласын тәрбиелеп отырған ол үшін бұл қолдау – үлкен демеу.

Замир Сагиновтың айтуынша, жұмыскерлерге жасалған қамқорлық – бір реттік акция емес, кәсіпорын стратегиясының негізгі бөлігі: «Қалаға қамқорлық ең алдымен осы жұмысты күн сайын атқарып жүрген адамдардан басталады. Әр қызметкер құрмет пен қолдауды сезінуге тиіс», – деді ол.

Замир Сагиновтың айтуынша, жұмыскерлерге жасалған қамқорлықбір реттік акция емес, кәсіпорын стратегиясының негізгі бөлігі: «Қалағақамқорлық ең алдымен осы жұмысты күн сайын атқарып жүрген адамдардан басталады. Әр қызметкер құрмет пен қолдауды сезінуге тиіс», – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз