Қ.Сәтбаев атындағы химия пәнінен олимпиада биыл алғаш рет халықаралық деңгейде ұйымдастырылып отыр, – деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Халықаралық химия олимпиадасы Ұлытау облысында 27 қазан мен 1 қараша аралығында өтуде. Оған биылғы жылы 100-ден астам Қазақстан, Қыряғызстан және Ресей мемлекеттерінің білім алушылары қатысуда.
Қаныш Сәтбаев атындағы халықаралық химия олимпиадасы 9–11 (12) сынып оқушыларының арасында теориялық және практикалық екі кезеңде өтеді.
Байқауды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Ұлытау облысының білім басқармасы және The Ulytau Educational Foundation қоры бірлесіп ұйымдастыруда.
Оның қорытындысында үздік оқушылар халықаралық деңгейдегі дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.