Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 15,7 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 97,9%-ы жиналып, 26,3 млн тонна астық бастырылды.
Дәнді дақылдардан бөлек:
- ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 3 млн тонна майлы дақыл,
- гектарына 225,3 центнер өнімділікпен 2,9 млн тонна картоп,
- гектарына 305,1 центнер өнімділікпен 3,9 млн тонна көкөніс жинады.
Атап айтқанда,
- 331,7 ц/га өнімділікпен 492,4 мың тонна қырыққабат,
- 430 ц/га өнімділікпен 1047,7 мың тонна пияз,
- 296,4 ц/га өнімділікпен 380,7 мың тонна сәбіз жиналды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде, агротехникалық талаптарға сай мерзімде өтіп жатқанын атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, биыл Солтүстік Қазақстан облысында рекордтық көлемде астық жиналған болатын.