Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-5
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Жаңадан алған баспананы 2 жылға жетпей сатсаңыз салық төлейсіз

Қазақстан құрылысшылар одағының Алматыдағы филиалының директоры Тимур Нұртаев бұл өзгеріс тұрғын үй нарығына қысым түсіреді деп есептейді.

«Қайталама нарықтағы баспана бағасы өседі. Себебі үй иелері 10-15 пайыздық салықты үйдің құнына қосып жібереді. Ақыр соңында бұл жүктеме сатып алушының мойнына түседі. Жаңа өзгерістер қолданыстағы үйлердің бағасын арттырары анық», – дейді сарапшы.

 Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтың айтуынша, үйдің қымбаттауына тек ішкі нарық емес, импортқа тәуелділік пен сыртқы факторлар да әсер етіп отыр.

«Үйсіз жүрген қазақ көп, бірақ үй де көп салынып жатыр. Бұл парадокс. Мұнда нақты талаптар болуы керек. Егер құрылыс компанияларымен әкімдіктердің арасында белгілі бір пайыздар, «откаттар» болмаса, сол қаражат халықтың игілігіне бағытталса, мәселе тез шешілер еді», – деді депутат.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз