23 қыркүйек күні сағат 20:00 шамасында полицияға әйел адамға шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жеткен. Полицияның мәліметінше, әйелге пышақ жарақатын оның бұрынғы күйеуі салған. Алған жарақаттарының салдарынан әйел оқиға орнында қайтыс болған.
Күдікті жедел түрде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша адам өлтіру дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдарының кешені жүргізіліп жатыр. Желіде тараған ақпаратты полиция жоққа шығарды, ол полицияда жұмыс істемеген. Полиция тараған ақпаратқа қатысты күдіктінің полиция қызметкері еместігін атап өтті.
«Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Кінәлі тұлға заң аясында қатаң жауапкершілікке тартылады», – деп хабарлады полиция.
Куәгерлердің айтуынша, марқұм мен күдіктінің екі баласы бар. Бұл ақпарат әзірге полицияның ресми хабарламасында айтылмаған.