Қазақстанда Құрбан айт 6 маусымда басталады. Бұл күні елімізде айт намазы оқылады. ҚМДБ еліміздің барлық өңірлері үшін айт намазының уақыт кестесін ұсынды.
Еске сала кетейік, мүфтияттың хабарлауынша, биыл зул-хижжа айының бірінші күні 2025 жылдың 1 маусымына сәйкес келді. Осыған сәйкес, 5 маусым – Арапа күні, ал 6 маусым – Құрбан айттың алғашқы күні болып белгіленді. Бұл күні қазақстандықтар ресми түрде демалады.