Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-4
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Кәсіпкерлер 10 күннен бері картопты Өзбекстанға өткізе алмаған

7 жылдан бері қазақстандық картоптарды Өзбекстанға өткізіп жүрген Фархад Садықов 10 күннен бері теміржолды торуылдап, сол маңда түнеуге мәжбүр. Өйткені экспортқа тыйым салынып, көрші елден ақшасын алып, құжатын да рәсімдеп үлгерген отандық өнімді жібермей қойған. Фархад сияқты Сарыағаштың теміржол вокзалында тағы 5 компания өкілі жүр. Бірі Павлодардан, енді бірі Қарағандыдан келіпті.

«Мұны біз Өзбекстанға жіберуіміз керек. Өзбекстан бір аптадан бері қайта-қайта сұрап жатыр. Біз оларға не деп жауап берерімізді де білмей жатырмыз. Құжат бойынша бәрі заңды. 19-на тыйым салынған деп жатыр. Бірақ жібермей тұр. Бұл вагондар бұрыннан кіріп кетуі керек. Бірақ себебін ешкім айтпай жатыр. Бүгін-ертең деп созады», – деді кәсіпкер Фархад Садықов.

Кәсіпкерлер картоптың келісіне 300 теңге кеткенін айтады. Барлығы 3 мың тонна өнім Павлодар, Қарағанды, Оралдан шыққан. Вокзалда тұрып-тұрып, үсе бастапды. Кәсіпкерлер әзірге бір вагонды ашып көрген. Қалғанын қарауға қорқып отырмыз деп, өнім қоқысқа айнала ма деп қорқады.

Сарыағашта жиналған кәсіпкерлердің мәселесінен министрлік өкілдері хабардар. Он күннен бері картоп бағасына тексеру жүргізген олар кәсіпкерлер өнімді арзан бағалағанын айтады.

«Тіркелген келісімшарт бойынша картоп бағасы біздің нарықтан бірнеше есе төмен болған. Сол мәселе бойынша тексеру жүрді. Бүгін тексеріс бітті. Қажет ақпарат анықталды. Сондықтан бүгінгі күні вагондардың сыртқа кетуіне ешқандай тосқауыл жоқ», – деді ауыл шаруашылық вице-министрі Ербол Тасжүреков. 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз