БАҚ-та Ақтөбеде 7-сынып оқушысы жүкті болып қалған, деген ақпарат тарады.
Өңірде Ақтөбе мектептерінің бірінде 7-сынып оқушысының зорланғаны туралы ақпарат тарала бастады. Полиция департаментінің баспасөз қызметі қыздың жүкті болғанын ғана растады. Ал полицейлер қыздың зорланбағанын, барлығы екі жақтың келісімімен болғанын айтып отыр. Баспасөз қызметі 7-сынып оқушысының жігітінің жасын айтпады.
«Зорлау фактісі расталған жоқ. Барлығы екі жақтың келісімімен болды. Қыз жүкті болып қалды. Қалай болғанда да қылмыстық іс қозғадық. Қалғанын әзірге айта алмаймын», – деді жергілікті полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.