Марқұм 1 айлық және 7 жастағы баласын пәтерде қалдырған.
Қайғылы оқиға 28 шілде күні Быковский көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде сағат 10:00 шамасында болған. Әйелдің артында екі кішкентай баласы қалды.
Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, марқұм 1 айлық және 7 жастағы баласын пәтерде қалдырып, өзі 8 қабаттан секіріп кеткен. Бұл кезде марқұм әйелдің күйеуі балыққа кеткен.
Оқиға орнына барған жедел жәрдем қызметкерлері биологиялық өлімді растады.