Кеше шетелдік және қазақстандық БАҚ-та АҚШ-тың бұрынғы Президенті Дональд Трампқа қастандық жасалғаны туралы ақпарат тарады.
Бұл ретте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдірді.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың бұрынғы Президенті Дональд Трампқа жасалған қастандықты қатаң айыптайтынын мәлімдеді және оның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді», – делінген Ақорданың хабарламасында.
Айта кетейік, 14 шілдеде Пенсильвания штатында сайлауалды науқанда сөз сөйлеген АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа қастандық жасалды.
Қастандық салдарынан сайлау жиынында бір көрермен қаза тауып, екеуі ауыр жараланды.
Ал WSJ Трампты атқан адам ұсталғанын мәлімдеді. Қастандық әрекетінен кейін аман қалған Дональд Трамп та мәлімдеме жасады.
«Америка Құрама Штаттарының Құпиялық қызметіне және барлық құқық қорғау органдарына Пенсильвания штатының Батлер қаласында болған атыс оқиғасында жедел әрекет еткені үшін алғыс білдіремін. Қаза болған адамның отбасына және жарақат алған адамның жақындарына көңіл айтамын. Қастандық ұйымдастырған адам туралы әзірге хабар жоқ. Оқ оң құлағымның үстін тесіп өтті. Құдай Американы жарылқасын!», – деді Трамп.