Футболдан Еуропа чемпионатының 1/8 финалында Түркия Австрияны жеңді. Матчтағы екі голды да қорғаушы Мерих Демираль соқты. Бір түнде қаһарман атанған футболшы енді жазалануы мүмкін.
Өйткені футболшы голын тойлау кезінде «Bozkurt», яғни «Көк бөрі» тобының ишарасын көрсеткен. Түркияда аталған топты Ұлтшылдар қозғалысы партиясы қолдайды. Ал Австрия бұл белгіні 2019 жылы лаңкестік ұйымдардың символы деп таныған.