Әлеуметтік желіде мектеп бітірген екі қыздың жігіттің ұрған сәті түсірілген видеосы тарады. Қыздар видеоны өз парақшаларына жариялаған. Әлгі видеоның сипаттамасына оқиғаның Алматыда болғаны жазылған.
Бейнежазбадан тағы бір жігітті байқауға болады. Ол қыздарға көмектескен болуы мүмкін.
Полиция департаменті көп ұзамай қыздардың ұсталғанын мәлімдеді.
«Бұзақылық дерегі бойында қылмыстық іс қозғалды.Кәмелетке толмаған күдіктілер полицияға жеткізілді. Қазір олардың ата-аналарының қатысуымен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Істің өзге мән-жайы анықталып жатыр», – делінген ПД хабарламасында.