Нұр-Сұлтан
Қазір
-10
Ертең
-8
USD
522
+6.56
EUR
544
+7.76
RUB
5.05
-0.13

АӘК алушыларға көмек тағайындау автоматты түрде ұзартылады

211

Көмек көрсетуге алғаш рет өтініш білдіретін азаматтар электрондық үкімет порталы арқылы жүгіне алады.

Нормативтік құқықтық актілерге енгізілген тиісті түзетулермен сілтеме бойынша танысуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлемдер түріндегі қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.

АӘК келесілерді көздейді:

– табысы өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;

– 1 жастан 6 жасқа дейінгі табысы аз отбасылардағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру;

– жұмысқа орналастыру жолымен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, оқуға жіберу, өз ісін ашуға ынталанған отбасыларға гранттар беру және т.б.

2024 жылдың I тоқсанында 58,8 мың отбасы (312 мың адам) 7,8 млрд теңге сомасына АӘК алды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз