Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-12
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

Алматыда оқу жылын қорытындылайды

Кеңес отырысына мектеп директорлары мен 25 мыңнан астам мұғалімдер, аудандық білім бөлімдерінің басшылары, Білім басқармасының мамандары және арнайы шақырылған Абай  атындағы  Қазақ  Ұлттық педагогикалық  университетінің ректоры Дархан Нұрланұлы Билялов, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гүлмира Әмірханқызы Қанай қатысады.

Қашықтықтан оқыту форматында ұйымдастырылған 2020-2021 оқу жылында 288 мыңнан астам оқушы 278 орта білім беру ұйымдарында (207 мемлекеттік және 71 жекеменшік) білім алды.

207 мемлекеттік мектепте 10549 түлек, 71 жекеменшік мектепте 962 түлек оқуын аяқтады.

Оқу жылының қорытындысы бойынша 633 түлек «Алтын белгі» белгісімен аттестат алуға үміткерлер болып табылады, 758 түлек үздік аттестатқа ие болады.

2020-2021 оқу жылы барысында оқу-тәрбие процесінің тиімділігін қамтамасыз ету және мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында қалада түрлі жобалар, оның ішінде «Педагог-шебер» – озық тәжірибе», «Жас тәжірибе», «Ақылды сабақ – оқыту сапасын арттыру», «Директор сенбі – ата – аналар дауысы»  және басқалары іске асырылды.

Ағымдағы жылы Алматы қаласының оқушылары 16 жалпы білім беретін пән бойынша жыл сайынғы Республикалық олимпиадада кезекті рет 1 орын алды, ал 11 сынып оқушылары жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша өткен Президенттік олимпиаданың нәтижелері бойынша үздік деп танылды.

Жалпы педагогикалық кеңестің отырысында 2020-2021 оқу жылы ішінде жүргізілген жұмыстың нәтижелері талқыланады.

Сонымен қатар, іс-шара барысында педагогикалық кеңестің тақырыбы бойынша қатысушылар өз сұрақтарын қоя алады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз