Нұр-Сұлтан
Қазір
-15
Ертең
-17
USD
524
-1.41
EUR
551
-1.85
RUB
4.93
0.00

Төреғали Төреәлінің әйелі күйеуі неге тыйым салатынын айтты

355

Атышулы әншінің әйелі осы уақытқа дейін әлеуметтік желілерді қолдана алмай келген. Инстаграм пайдалануға Толқынның күйеуі тыйым салып келген. Бірақ әншінің қарындастары әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланатынын айта кету керек.

Күйеуінің айтқанына қарсы шықпаған ибалы келін бәрін уақыт еншісіне салған. Міне, біраз жылдан кейін жолдасының көңілі жайланып, әйеліне Instagram-нан аккаунт ашуға рұқсат берді.

“Баршаңызға басымды иіп сәлем бердім құрметті оқырмандарым! Алланың қалауымен, жарымның рұқсатымен, ата-енемнің батасымен ашылған жеке ресми парақшама қош келдіңіздер! Өздеріңізге белгілі, сүйікті әншілеріңіз TТТ-ның Алла қосқан жары – Толқын!

Әр нәрсенің өз уақыты болады! Неге парақшам болмады, неге көпшілікке жасырынмын деген сұрақтарды жиі естіп келдім! Осы уақытқа дейін жеке парақшамның болмауы жарымның бұйрығы болды. “Сабақты ине сәтімен” демекші, бүгін сіздерге жеке парақшамның ашылғанын қуанышпен хабарлаймын. Тағы да, қош келдіңіздер!”, – деп жазды Толқын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз