1-6 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін тұрғын үй алуға өтінімдер қабылданады.
«Қошқарбаев көшесі мен Қордай даңғылының, сондай-ақ Абылайхан мен Момышұлы көшелерінің қиылысындағы пәтерлер беріледі. Олар 31-ден 47 ш. метрге дейінгі, бір бөлмелі пәтерлер, —
деген Қордың ресми өкілі Арманай Қабдешевтің сөзін inform.kz келтіреді. —
Бағдарламаға оның негізгі шарттарына сәйкес келетін жастардың барлығы қатыса алады: соңғы екі жылда меншік құқығында тұрғын үйі жоқ (ерлі-зайыптылар мен балалардың да мүлкі болмауы тиіс), ҚР-да ресми жұмыс істейтін және соңғы 6 айда кемінде 40 АЕК (111 мың) теңге табысы бар ҚР 29 жасқа дейінгі азаматы. Сондай-ақ, соңғы екі жылда тұрақты тіркеуі болуы қажет.
Осы негізгі шартқа сай жастар бағдарламаға қатысуға өтініш бере алады. Кезекке тұрудың қажеті жоқ».