Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Биржа ең нашар жағдайға дайындалуда — сауда-саттық айналымы төмендеп кетті

211

Естеріңізге сала кетейік, Ерболат Досаевтың бағалауы бойынша жыл қорытындысы бойынша экспорт 21,7%-ға қысқарады. Бұған ОПЕК+ мәмілесінің шарттарын сақтау салдарынан мұнай бағасының және өндірістің төмендеуі себеп болады. Импорт 15,5%-ға азаяды. Бұл жерде коронавирусқа байланысты халық пен бизнестің төлем қабілеттілігінің төмендеуі, сондай-ақ мұнай-газ секторындағы инвестициялық жобаларды іске асыру қарқынының жоспарлы баяулауы әсер етеді. Басқаша айтқанда,

экспорттық түсім көлемі төмендеп қана қоймай, ел ішіндегі валютаға да сұраныс төмендейді

Бұл процесс қазірдің өзінде басталды деп айтуға болады.

Тек рубль керек

Қазақстан қор биржасының (KASE) спот-нарығында қазан айында доллар бойынша айналымдар 9,3%-ға төмендеді. Ал тамыз және қыркүйек айларында тиісінше 6,3% және 20,4%-ға артқан еді.

Бірыңғай еуропалық валюта бойынша мәмілелер көлемі 5,4 есе төмендеді. Қытай бойынша 1,9 есеге кеміді. KASE-де саудаланатын негізгі валюталар арасында  тек ресейлік валюта ғана ерекшеленді.  Қыркүйекпен салыстырғанда қазан айында рубль бойынша мәмілелер көлемі бірден 9,3 есеге өсті.

Осы жылы  наурыз айында коронавирусқа байланысты бүкіл елде төтенше жағдай режимі енгізілген кезде де осындай секіріс байқалды. Содан кейін ресейлік валюта айналымы 12,2 есе өсті. Бұл жолы ұлттық карантин енгізілмеді, бірақ рубльге сұраныстың күрт өсуіне Ресеймен шекаралас кейбір аймақта қатаң локдаун енгізіліп, аурудың өсуі, жалпы жағдайдың нашарлауы да рөл атқаруы мүмкін.

Ұлттық қор трансфертінің басым бөлігі мердігерлер мен мемлекеттік корпорацияларды байытады — сарапшы

Жалпы алғанда, теңгелік баламада валюталық нарықтағы сауда-саттықтың қазан айындағы көлемі 7,2%-ға, 1 трлн 55,6 млрд теңгеге дейін азайды. Ағымдағы жылдың 10 айында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қарапайым болса да,  1,4%-ға өсім сақталып отыр. Бұл оң нәтиже негізінен наурыз және қыркүйек айларындағы өсімге байланысты екенін еске салған жөн.

Индикаторлар болмаса, сенім де жоқ

KASE-нің своп-нарығында өте күрделі жағдай қалыптасты. Қазан айында мәмілелер көлемі 1,6 есе — $788,1 млн-ға дейін, абсолюттік мәнде — $480,2 млн-ға қысқарды. Бұл экономикалық белсенділіктің төмендеуінің тағы бір белгісі. Қаңтар айына келген ағымдағы жылдың айлық максимумымен салыстырғанда қазан айындағы нәтиже 5,8 есе аз болды.

Пандемия жағдайында Қазақстан экономикасының өсуі туралы айту қиын – сарапшы

Мұндай парадоксалды жағдайдың себептерінің бірі екінші деңгейдегі банктердің бір-біріне деген сенімінің төмендеуі болуы мүмкін. Өйткені, KASE-де ұзақ уақыт бойы банкаралық нарықтағы ақша бағасын көрсететін негізгі индикаторлар деректері жарияланбайды.

Қыркүйектен бастап Қазақстандық банкаралық депозиттер нарығында ақша орналастыру мөлшерлемелері бойынша орташа мәнді көрсететін KazPrime индикаторын есептеу тоқтатылды. KASE-нің деректерінше, 11 қыркүйекте KazPrime бойынша келісімге қатысушы төрт банктің бірінен өтініш келіп түсті.

Банк 23 қыркүйектен бастап келісімнен шыққанын хабарлады. Ал бастапқыда қатысушылардың саны кемінде төртеу және оннан аспауы тиіс екендігі ескертілгендіктен, KazPrime есебі де келісімнің шарттарына қайшы келді.

Сондай-ақ, KASE сауда-саттық жүйесінде депозиттерге ақша орналастыру мөлшерлемелері бойынша котировкалардың болмауы себебінен KIBOR, KIBID және KIMEAN банкаралық депозиттер нарығының индикаторларын есептеу тоқтатылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз