Армения премьер-министрі Никол Пашинянның Таулы Қарабаққа қатысты келісімге қол қойылғаны туралы мәлімдемесінен кейін жүздеген армян азаматы Ереванның орталығындағы үкімет ғимаратының жанында жиналды.
Жазбада наразылық білдірушілердің премьер-министрдің шешіміне қарсылық білдірген ұрандары естіледі.
Армения премьер-министрі Никол Пашинянның Таулы Қарабақтағы соғысты тоқтату туралы мәлімдемеге қол қою туралы шешіміне наразы болған армяндар бөлмедегі жиһаздарды қиратты. Олар премьерді еліне опасыздық жасады деп айыптады.
Бұған дейін Ресей, Армения және Әзірбайжан басшылары Владимир Путин, Никол Пашинян және Ильхам Әлиев Таулы Қарабақтағы әскери операцияларды тоқтату туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойған болатын. Шартқа сәйкес, 10 қарашаның түн ортасынан бастап аймақта төбелес тоқтайды.
Таулы Қарабақ төңірегіндегі аумақтық қақтығыс 27 қыркүйекте Әзірбайжан елі армян тарапы арандатушылық жасады деп жариялап, шабуыл жасағаннан кейін күрт шиеленісе түсті. Содан бері тараптар атысты тоқтату туралы үш рет келісті, бірақ ешбір келісім сақталмаған еді.