Атап айтқанда, халықаралық бақылаушылар саны күрт төмендеуі мүмкін. Демек, бізге өзіміздің сарапшылар керек.
Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау 2021 жылғы 10 қаңтарда өтеді. Өткен сайлау науқандарында ( сарапшы олардың санының аз болмағынан атап өтті) «халықтың кейбір топтарының кқкейінде сұрақ туындады». Негізінен нәтижелерге, сондай-ақ өткізу әдісіне де қатысты болды.
Қазіргі науқанның ерекшелігі — қазірдің өзінде әлеуметтік медиа дамыды және өз үні бар. Енді халықтың белсенді бөлігінің дауыстары жақсы естіледі.
— Осыдан оншақты жыл бұрын мұндай жағдай болған емес
дәстүрлі БАҚ-пен байланыс және кері байланыс нысандары басқа деңгейде болды,
— деп атап өтті Полетаев.
Әрі қарай ол әлемде кең таралған сайлауды бақылау тақырыбына көшті. Бізде бақылаушылар институты заңнамалық деңгейде бекітілген. Ол азаматтардың саяси және сайлау құқықтарын қамтамасыз етуге арналған. Сайлау процесінің ашықтығы қағидаты сияқты.
— «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес сайлауды байқауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары, шетелдік БАҚ өкілдері, сондай-ақ саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардың ұлттық байқаушылары қатыса алады.
Халықаралық байқаудың міндеті — сайлау нәтижелері бойынша елге қабылданған халықаралық міндеттемелерді сақтауға көмектесетін бағалау мен ұсыныстар жасау, — деп атап өтті сарапшы.
Посткеңестік кеңістікте сайлауды бақылаудың екі негізгі институты жұмыс істейді. Бұл ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы (ДИАҚБ) және ТМД байқаушыларының миссиясы. Полетаев сайлау науқандарын бағалау тәсілдері мен қағидаттарында айырмашылық бар екенін атап өтті.
Саясаттанушы бұған дейін біздің сайлаудағы халықаралық бақылаушылар саны үнемі тым көп болғанын еске салды. Кем дегенде, билік дәл осылай мәлімдеді. Бірақ пандемия алдағы сайлауға түзетулер енгізеді, қонақтардың саны азаятын шығар.
Демек, бақылаушылардың ішкі институттарын дамыту қажет
— Сондықтан қазақстандық азаматтық көшбасшылар мен блогерлердің осы күндері әлеуметтік желілердегі парақшаларында өздері айтып отырған сайлау процесін тиімді бақылауға қызығушылық танытуы маңызды.
Мысалы, Алматының бірнеше көшелерін қайта жөндеу жұмыстары бойынша «Халықтық бақылау» жобасында басшылық еткен танымал блогер Жанна Ахметова «не істесе де, айтып, жариялап көрсетуге» шақырды. Сайлауды бақылауда мұндай бастамаларды қолдап, оларға әдістемелік көмек көрсету қажет, — деп атап өтті Полетаев.
Бұл тәсілдің көптеген артықшылығы бар, дейді сарапшы.
Біріншіден, бұрын бақылаушылар белгілі бір партияның белсенді жақтастарының немесе тәуелді және адал мемлекеттік қызметкерлердің арасынан таңдалды.
— Егер жаңа белсенділер белгілі бір партияның мүдделерін қорғамай, жалпы сайлау рәсімдерінің адалдығы мен ашықтығы туралы мәлімдейтін болса, олардың қызметі сайлау процесін объективті етуге мүмкіндік береді, — деді саясаттанушы.
Екіншіден, бақылаушының қандай да бір саяси партияда болуы міндетті емес.
Үшіншіден, сайлау өткізуге азаматтық бақылау жасау практикасын жетілдіру маңызды,
бұл жұмысқа әсіресе жастардың арасынан белсенділерді тарту керек
— Мысалы, аяқ астынан келген локдаун қысқа уақыт ішінде бүкіл ел бойынша теза арада волонтерлер желісін құруға болатынын барлығы көрсетті. Түрлі өңірдегі сайлау учаскелерінде көптеген бақылаушылардың болу фактісінің өзі ықтимал құқық бұзушылықтардан сақтандыратын құрал ретінде жұмыс істейді және жалпы алғанда сайлау мәдениетінің деңгейін арттыруға ықпал ететін болады, — деп атап өтті сарапшы.
Сондай-ақ, ол байқаушылардың сайлау заңнамасына сәйкес қажетті тәжірибесі мен білімі жеткілікті болмайтынын атап өтті. Яғни, сараптамалық тренингтер қажет.
— Бақылаушылардың қатарында түрлі кәсіби салалардың өкілдері болған кезде, бұл оларға сайлау науқанының элементтерін жаңа көзқараспен бағалауға мүмкіндік береді. Билік тәуелсіз қоғамдық бақылаушылардың қатысуына мүдделі болуы керек, өйткені ол сайлаудың заңдылығына мүдделі, — дейді саясаттанушы.
Сондай-ақ, ол «интернет кеңістігінің белсенді дамуына байланысты бұзушылықтардың салыстырмалы түрде жаңа түрлері пайда болады» деп қосты.
—Үлгі боларлық жағдай өте аз, заңды қыры өте түйіткілді, сондықтан
көптеген анонимді фейктің, вирустық роликтің және демотиваторлардың арасында заң бұзушылықтарды анықтау қиынға соғады,
мысалы, заңсыз үгіт-насихат немесе жала жабу жағдайлары.
Бұл тұрғыда интернет-кеңістікті пайдалану тәжірибесі бар қазақстандық блогерлер мен қоғам қайраткерлерінің, оның ішінде пандемияның күрделі кезеңінде туындаған бастамалары лайықты бағалануы тиіс, — деп түйіндеді ол.