Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Басы дауға қалған қазақстандық оппозиция әзірге сайлауға қатысарын не қатыспасын білмейді — саясаттанушы

147
Андрей Чеботарев. Дереккөзі: inform.kz

Nur Otan,  «Ақ Жол», ҚКХП және «Ауыл» 2021 жылғы 10 қаңтардағы парламенттік сайлауға  қатысатындарын мәлімдеді. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын қолға алды. Банктердің бірінің жұмысындағы сәтсіздіктерден кейін ҚКХП-ның соңғы мәлімдемесінің өзі неге тұрады. «Ақ Жол» мен Nur Otan жақында бір біріне «қошемет» білдірді. Азат Перуашев қарсыластарының өңірлік әкімдерді Nur Otan филиалдарының басшылары етіп тағайындау дәстүріне тоқталды. Билік партиясы да тістеуді білетінін көрсетті.

Партияаралық электоралдық қақтығыстар қандай ауқымға дейін жетуі мүмкін? Сайлауға нақты оппозиция келе ме? Бұл туралы «Альтернатива»  өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботаревпен  әңгіме өрбіттік.

Қарсыластарына шабуыл жасау

— 10 қаңтарда мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы өтетінін мәлімдегеннен кейін саяси партиялар бір-біріне қарсы ақпараттық соғыс жүргізді. Саяси қарсыластардың мұндай әрекеті тактикалық тұрғыдан дұрыс па? Белсенді сайлау науқаны кезінде тағы не көре аламыз?

— «Ақ Жол» жасап жатқан іс партияның парламенттік оппозиция болуға үміттеніп отырғанын айғақтайды. Ақжолдықтар парламент және оның комитеттері туралы заңнамаға түзетулер енгізуге бастамашы болды.

Шамасы, партия мен оның жетекшісі белгілі бір риториканы қолдана отырып, болашақ оппозицияның бейнесін жасай аламыз жеп ойласа керек

Әрине, кезінде Nur Otan-ның өкілі, тіпті партияның Саяси кеңесі Бюросының мүшесі бола тұра, «Ақ Жол» лидерінің мұндай қатаң риторикамен сөз сөйлеуі дұрыс емес.

Алда ақпараттық соғыстың жаңа кезеңі басталады, кейбіреулер жапа шегеді — Қалиев

Азат Перуашев өз ұсыныстарын неғұрлым өзекті мәселелерге бағыттай алды. Nur Otan немесе басқа партияға қарсы әрекет етудің қажеті жоқ.

Біз олардың өздеріне аса сенімсіз екенін көреміз. Себебі, мысалы, ҚКХП-ға да жанама шабуыл жасалды. «Ақ Жол»  партиясынан шыққан мәжіліс депутаттарының бірі партияларды кеңестік түсініктер мен коммунистік көзқарастан арылту керек екенін мәлімдеді. Бұл, әрине, сол жағымыздағы көршілердің реакциясын тудырды.

Дегенмен, «Ақ Жол» партиясы, менің ойымша, халыққа жақын болуы керек

Себебі олардың айтқандарының бәрі таза экономикалық және кең сайлаушыға түсініксіз мәселелер. Бұл кәсіпкерлердің тар шеңберіне ғана түсінікті болуы мүмкін. Кең сайлаушыға әлеуметтік мәселелерге байланысты нақты күн тәртібі қажет.

«Ауыл» ауылдықтарға арналған ба?

 Ол үшін ҚКХП бар.

— Иә, коммунистер әлеуметтік мәселелерге нүкте қоя отырып, «Ақ Жолды» айналып өтеді. Бірақ олардың әлсіз жақтары да бар. Мысалы, ҚКХП партия құру кезінде қабылданған бағдарламалық ережелер деңгейінен әлі шыққан жоқ. 2004 жылы бекітілген олардың бағдарламасы қарапайым коммунистік партиядан шыққаннан кейін сол күйінде сақталды. Сайлау қарсаңында оны қазір емес, ұзақ уақыт өзгерту керек еді.

«Ауыл» партиясы сайлауға қатысатынын мәлімдеді. Әлеуметтік желілерде бір топ азаматтар бұл партия барлық ауыл халқын біріктіре алады деп сенеді. «Ауылдың» ауыл тұрғындарының дауыстарын «тартып алу» мүмкіндігі қандай?

Мәжіліске кім өтеді? — Данияр Әшімбаев

— «Ауыл» мен Nur Otan-нан басқа партиялар ауылдық жерлерде жұмыс істемейді.  Пандемия жағдайында ауыл халқы мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерінен біршама көңілі қалды. Бұл Nur Otan-ға әсер етіп,  «Ауылдың» мүмкіндіктерін арттыруы мүмкін.

Бір нәрсе анық — қалаларда «Ауыл» партиясын ешкім білмейді және оның жұмысын көрмейді. Егер ол ауылда нақты бір нәрсе жасаса, оның пайдасы тиеді

Тіпті партияның атауы оның ел халқының белгілі бір бөлігіне бағдарланғанын білдіреді. Оған қоса, қазір оның өкілдері аграрлық сектордың түрлі қауымдастықтарымен меморандумдарға белсенді түрде қол қойып отыр. Егер олар өз қатарларына осы бірлестіктердің өкілдерін қабылдап, барлық деңгейдегі мәслихаттарға ұсынатын болса, олардың ауылдық жерлерде Nur Otan-мен бәсекелесуге мүмкіндіктері бар.

Бұл бәсекелестік қаншалықты маңызды болатынын айту қиын. Себебі «Ауыл» билікке бейілді партия болды және болып қала береді. Ол қандай да бір оппозициялық мәртебеге ие емес.

Әділдік сезімі

Бұл шақырудан кейін  «Ауыл» туралы  хабар болған жоқ. Өткен сайлаудан бері қоғамдық алаңда есте қаларлық белсенділік болған жоқ. Ауыл тұрғындары сайлау алдында ғана белсенділік танытатын партияларға сене ме?

— Партия сайтындағы жаңалықтарға қарағанда, ол белгілі бір жұмыс жүргізді. Өзін қалай көрсеткенін ауыл тұрғындарынан сұрау керек. 2021 жылғы сайлау жағдайында наразылық әсері де жұмыс істеуі мүмкін. Nur Otan-ға немесе басқа партияларға дауыс бергісі келмесе, «Ауылға» дауыс береді.

Сонымен қатар, 2016 жылғы сайлауда «Ауылды»  қалған партиялар ығыстырғаны айқын көрінді.

Электоратта партияға әділетсіз әрекет жасады деген ой қалыптасуы мүмкін

Ол ауылды дамытуды және ауыл тұрғындарының мүдделерін қорғауды жақтады.

Көзге көрінбейтін партия

«Ауылмен»  біріге алмаған «Бiрлiк» те сайлауға баруға ниетті. Алайда, бұл партия толығымен белсенді емес. Сайлау науқанын бастау туралы ойланатындай уақыты көп пе?

— «Бiрлiк» өте қызықты партия, ол 2016 жылдың өткен сайлау науқанында пайда болды. Өз сайтын жасады, жалпы және партиялық бағдарламаларды әзірлеп, кішкентай болса да, 8 кандидаттың тізімін ұсынды. Сайлаудан кейін ол қайтадан жоғалып кетті. Тіпті сайттары да жұмысын тоқтатты. Филиалдар бар ма, олар қайда орналасқан және оларды кім басқарады, түсініксіз. «Бiрлiк» басқа партиялар секілді дәстүрлі ақпараттық жұмысын 2016 жылға дейін де, одан кейін де жүргізген жоқ. Оның өкілдері неге үміттенетін айту қиын.

Мұндай бэкграундпен тіпті «Бiрлiк» активінің мақсаты да түсініксіз. Анда-санда сөз сөйлеп тұратын Серік Сұлтанғали мырзадан басқа оның қандай мүшелері бар екені де белгісіз

Егер ол жай ғана қосымша рөл атқарса және оған кім дауыс беретіні және қанша дауыс алатыны маңызды болмаса, бұл бір тактика. 2016 жылы ол тіпті 1% дауыс жинай алмағаны есімізде. Партия сайлауға екі рет қатыспаса, сот шешімімен жабуға болады. Олардың осы заң нормасына түскісі келмейтінін түсінуге болады.«Бiрлiк» 2016 жылғы сайлауға қатысса да, бұл сайлауға ешбір мақсатсыз қатыса алмайды.

Қосанов және оппозиция

Қазақ тілді ортадағы танымал саясаттанушы Дос Көшім таяуда президент сайлауына қатысқан Әміржан Қосанов Ақордамен жасырын келісім жасағанын және парламент сайлауына бармайтынын айтты. Алайда, ол ЖСДП-ның атынан сайлауға дайындалып жатқан сияқты көрінді. Сіз оны оппозициядан шыққан үміткер ретінде көре аласыз ба?

— Қазір Әміржан Қосановтың президенттік сайлаудан кейін екіұштылық жағдайында екені түсінікті. Президенттік сайлауда оны қолдаған адамдар оны қатты сынға алды. Сол сайлаудың нәтижелерін мойындағаны үшін көптің сенімінен айырылды.

Соған қарамастан, ол кездегі сайлаушылардың бір бөлігі оны әлі де қолдайды. Жаңа адамдар қосылуы да мүмкін

Ол Дос Көшім және басқаларымен бірге қазақ тілді аудитория арасында ағартушылық сипаттағы түрлі жобаларға белсене қатысады.

Бізде оппозициялық бірлестіктер мен олардың жетекшілеріне деген аралас көзқарас бар. Дегенмен, олардың нақты күн тәртібі мен бірлікке деген ұмтылысы жоқ. Олардың арасында саяси емес, тіпті жеке тұрақты қақтығыстар мен келіспеушіліктер бар.

Сондықтан, менің ойымша, Әміржан Қосанов үлкен саясатқа қайта оралып, парламенттік сайлауға қатысқысы келсе, ол өз сайлаушысын міндетті түрде табады.

Тағы бір мәселе — ЖСДП позициясы да түсініксіз. Олар әлі сайлауға қатысатындарын ресми түрде жариялаған жоқ

Бұл партия съезі 13 қарашаға кейінге қалдырылды.

Олар партия алаңының заңды спектрінде көрінбейтін Ақорданың қарсыластарының алшақ жүруге тырсады. Бұл «Оян, Қазақстан» және «Республика» сияқты көптеген бейресми бірлестіктер. Олардың кейбіреулері өз партияларын, атап айтқанда, Жанболат Мамайдың бастамасымен демократиялық партия құрғысы келді.

ЖСДП кімді  өз қатарынан сайлауға ұсынбақшы екенін айту қиын. Не активте жүргендерді, не оппозицияның көрнекті өкілдерін тартады. Сонымен қатар, бұл партияға басқа да адамдар келді: Әміржан Қосанов қана емес, Балташ Тұрсынбаев, Петр Своик, Уәлихан Қайсаров және Ермұрат Бапи.

Соңғысын даулы жағдайда партия қатарынан шығарып тастағандықтан, оны тартпайтын шығар.  Әміржан Қосанов партия басшылығында Жармахан Тұяқбай болған кезде активтен шығарылды. Қазір ЖСДП-ның көшбасшысы басқа адам, дегенмен Тұяқбай партияға қандай да бір әсер етеді дейді. Негізінде, егер олар Әміржан Қосановқа бәс тігіп, оны шақырғысы келсе, мұндай нәтиже де болуы мүмкін. Бірақ әзірше Әміржан Қосанов тарапынан да, ЖСДП басшылары тарапынан да ешқандай серпіліс жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз