Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа басшылары ескі сұрақтарға жауап береді — Данияр Әшімбаев

122
А. Цой. Дереккөзі: baigenews.kz

Бұрынғы бағыт пен шоу жалғасуда

Әшімбаев Денсаулық сақтау министрлігінің қазіргі басшылығын «жаңа деп айтуға келмейді» дейді.

Алексей Цой 2014 жылдан 2019 жылға дейін денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі, содан кейін денсаулық сақтау вице-министрі болып жұмыс істеді. Марат Шоранов (Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі) 2013-2015 жылдары денсаулық сақтау министрлігінің Стратегиялық даму департаментінің және медициналық қызметтерді стандарттау департаментінің директоры болды.

Ажар Гинят (Тулегалиева) 2010 жылдан 2017 жылға дейін медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры, әлеуметтік қызметтер департаментінің директоры және қайтадан МКҰД директоры болып жұмыс істеді.

Әсем Нүсіпова 2007-2008 жылдары денсаулық сақтау вице-министрі болған.

Айжан Есмағамбетова 2013 жылдан 2020 жылға дейін денсаулық сақтау жүйесінде түрлі басшылық қызмет атқарды.

Денсаулық сақтау министрлігі басшылығының орташа жасы — 46 жас. 83%-ының медициналық білімі бар, бұл ретте:  дәрігерлік орташа жұмыс өтілі — 3,7 жыл, бас дәрігерлік орташа жұмыс өтілі — 0,5 жыл, облыстық денсаулық сақтау басқармасындағы орташа жұмыс өтілі — 0,5 жыл.

Әшімбаев министрдің өмірбаянына қатысты қызықты ерекшелікті атап өтті. 2002-2004 жылдары ол бір уақытта республикалық клиникалық аурухананың эндоскопист-дәрігері және «GlaxoSmithKline» фармацевтикалық компаниясының Астана бойынша аумақты дамыту жөніндегі менеджері болды.

— Бірінші жыл дәрігер болып жұмыс істеп,  бірден фармкомпанияның өкілі болуы назар аударарлық мәселе. Дәрігерлер фармацевтикалық компаниялармен жұмыс істейді (бұған тыйым салынбайды), бірақ тәжірибелі мамандар болғанда осындай жұмыс істеуі орынды. Айтпақшы, болашақ министр Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында оқып жүріп,  «Аспан Шымкент» ЖШС-ның  бас бухгалтері және коммерциялық директоры болып жұмыс істеген», — деп атап өтті Әшімбаев.

Соңында, 2020 жылдың 22 маусымында  «карантиндік жанжалдар» аясында Цой бірінші вице-министр болды. Ал үш күннен кейін — 25 маусымда —  Денсаулық сақтау министрлігіне тағайындалды.

— Таңдау неліктен Цойға түсті? Біріншіден, жағдай көптеген жетістіктің тек қағаз жүзінде ғана екенін көрсетті. Басшылықтың ауыз біршілігі бұзылған, жүйеде сыбайлас жемқорлық схемасы дамып келеді, ал

короновируспен күресуде өте күмәнді стратегия  таңдалды

Бірақ «қарға қарғаның көзін шұқымайды» демекші, ешкім өз қатесін мойындамайды. Бағыт ары қарай жалғасуы керек еді, ал

элиталық медициналық қоғамдастықта бұл туралы толық консенсус бар болып шықты,

— деп жазады Әшімбаев.

Ақша болса, барлығын шешуге болады

Саясаттанушының мәлімдеуінше, бірнеше жыл бұрын денсаулық сақтауды «жалпы коммерцияландыру» басталды. Яғни жекешелендіру, медициналық сақтандыруды енгізу.

— Саланы қаржыландыру, оның ішінде күрделі құрылысты, кадрлар даярлау, инфрақұрылыммен жарақтандыру

бірте-бірте бюджеттен алынып, жеке медицинаның «иығына», дәлірек айтқанда, жұмыс берушілерге аударылады

Ал олар медициналық сақтандырудың негізгі қаржылық жүктемесіне жауапты.  Мемлекет тек кепілді тегін медициналық көмек көлемі деп аталатын қажетті минимумды қамтамасыз етеді. Нәтижесінде квазимемлекеттік сектор субъектілері «СК-Фармация» ЖШС және «ӘМСҚ» КЕАҚ етек жайды.

Салалық, атап айтқанда, дәл осындай цифрландыру бағдарламалардың қаржысына мүдделі тұлғалар қол салды,

ешқандай нәтиже болмады, — дейді саясаттанушы.

Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен МЖӘ бағдарламасы бойынша жұмыс істеп тұрған 40 аурухана жабылуы тиіс. Олардың орнына олар 16 «жаңа және заманауи» мекеме саламыз уәде береді. Жақында Мәжілістегі тыңдауда Цой ескі ауруханалар бұзылатынын айтты.

— Сонда 40 аурухана демнің арасында қалай ескі аурухана болып шыға келді? Соңғы алқа отырысында Цой: «2025 жылға қарай төсек қорын 50% жаңарту үшін ел өңірлерінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік қаражаты есебінен 20 ірі заманауи медициналық орталық құрылатын болады. Бұл халықаралық сапа талаптарына сәйкес халыққа жоғары технологиялық медициналық көмектің барлық спектрін көрсететін көп бейінді ауруханалар болады» деді. Бұзылатын 40 емдеу мекемесінің тағдыры және осы «жеке әріптестің» өз инвестицияларын қалай қайтаратыны туралы министр бір ауыз айтпады, — деп атап өтті сарапшы.

Сарапшы «Цой министр ретінде өте ыңғайлы» деп түйіндеді.

— Ол қателіктің бәрі өзінің алдында жасалғанын үнемі атап өтеді (бірақ ешкімнің атын атап, түсін түстемейді). Қоғамдағы құрметті адамдардың шәкірті. Қазір Президенттің көмекшісі Тамара Дүйсенованың орынбасары болды, ал

ол басшылық еткенде саладағы қазіргі реформалар стратегиясы қалыптасты

«СК-Фармацияны» бақылауды құрметті адамдарға тапсырды. Олар әдемі сандарды әдемілеп жеткізе алады. Алайда бірнеше рет статистиканы еркін өңдегені белгілі болды, бірақ бұл аса маңызды емес. Жақсы министр. Өзінің ізашарларының лайықты мұрагері, — деп атап өтті Әшімбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз