Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Адамдар несиені көп алатын болған, бірақ төлей алмайтындардың да саны артуда

182
Сурет: zakon.kz

Қыркүйек айында ЕДБ несие қоржынының жалпы көлемі 124,9 млрд теңгеге артты. III тоқсанның қорытындысы бойынша өсім 313,8 млрд. құрады. Бұл сәуір мен маусым аралығында карантиндік кезеңде байқалған төмендеудің орнын толтыруға мүмкіндік берді. Ол кезде несие қоржыны 268,5 млрд теңгеге қысқарды.  Осылайша, банктер коронавирустың алғашқы толқынынының жағымсыз салдарын жеңді.

Мұнайдан түсетін пайда көлемі төмендеп кетті

Ұлттық Банктің деректеріне сәйкес 1 қазандағы жағдай бойынша отандық ЕДБ несие қоржынының жалпы көлемі 15 трлн 306,3 млрд теңгені құрады. Бұл 2017 жылдың жазында болған «Халық Банкі» мен Kazkom-ның бірігуінен бергі ең жоғарғы мән.

Өсімге не себеп болды?

Негізінен төрт банктің несие қоржыны артқан:

  • «Сбербанктің» несие қоржыны 71,2 млрд теңгеге өсіп, алғаш рет 1,6 трлн теңгеден асты;
  • Forte Bank көрсеткіштері 59,6 млрд-қа артып, 773,6 млрд теңгеге жетті (бұған дейін мұндай деңгей болмаған еді);
  • Bank RBK 46,2 млрд теңге арттырып,  531,3 млрд теңгеге жетті. Бұл 2018 жылдың басынан бергі ең жоғарғы мән. Бұдан басқа банк несие қоржынының көлемі бір жарым триллион теңгеден асатын 10-шы отандық ЕДБ-ға айналды;
  • Kaspi bank тағы 41,7 млрд теңге қосып, 1,4 трлн белгіге жақындады.

Ал Altyn bank (+13% — 236,1 млрд-қа дейін) және ВТБ (+13,8% — 142,4 млрд-қа дейін) банктерінде несие қоржыны баяу өскенін артап өткен жөн.

Өзбекстанның базарларында сапалы ет жоғалып кетті. Қазақстанның қандай қатысы бар?

5 ай төмендегеннен кейін АТФ банктің несие қоржыны ұлғайды. Өте күшті болмаса да қоржынын 5,9 млрд теңгеге (872,9 млрд-қа дейін) арттырды. «Хоум Кредит Банкінде» төмендеу 6 ай бойы жалғасып келеді, алайда қыркүйек айында 851,6 млн теңге артып, бұрынғы төмендеулердің орны толды.

Бірақ барлық банк осындай ортақ үрдіске ілесе алмады. Мысалы, «Халық банкінде» несие қоржынының көлемі бір айда 111,6 млрд теңгеге төмендеді. Бірақ «Халық банкі» үшін бұл қалыпты жағдай. Себебі несие қоржыны белсенді артқан айлардың көрсеткіші өсім төмен болған айлардың орнын толтырады.

«Еуразиялық банктің» жағдайы нашар. Кредит беру көлемі 8 айда 7 есе, оның ішінде қатарынан 5 ай ішінде қысқаруда. Қыркүйек айында 6,1 млрд теңгеге қысқарды.

Көшіктіріліп төленген несие көлемі артты

Несие портфелінің өсуімен бірге кешіктірудің көлемі де артты. Қыркүйек айының қорытындысы бойынша төлем мерзімі кешіктірілген несиелер көлемі 2 трлн 021,5 млрд теңгені құрады. Бір айдағы өсім — 46,2 млрд теңгені құрады. Бұл ретте жалпы несие қоржынындағы «нашар» кредиттердің үлесі 13,01-ден 13,21%-ға дейін ұлғайды.

Республиканың 12 ірі банкінің 11-інде несиенің мерзімі кешіктірілген.

Мерзімі кешіктірілген несие көлемі артты, оның ішінде 6 банкте ең жоғары көрсеткіштер тіркелді. Ең көбі АТФ банкте. Мұнда көрсеткіш бір айда 54,5 млрд теңгеге, ал үлесі – 15,5-тен 21,6%-ға дейін артты.

90 және одан да көп күнге кешіктіріліп, мерзімі өткен несиелерге (NPL) келетін болсақ, мұнда жағдай керісінше: көлем 42,2 млрд-қа төмендеді (1 трлн 278,2 млрд-қа дейін және бұл жеті айлық минимум).

Активтер кезекті рекордты жаңартты

Міндеттемелер және  несие қоржынының артуы активтер рекордының кезекті рет жаңаруына себеп болды. Қыркүйек айында олар 29 трлн 902,7 млрд теңгені құрап, 339,6 млрд теңгеге өсті. Бұл өсімді үш ЕДБ қамтамасыз етті.

  • Соңғы 4 айда үшінші рет «Сбербанк» активтерін +121,6 млрд теңге арттырып, көшбасшы болды, ал жалпы көлемі 2,8 трлн теңге жетті. Банк Қазақстанның барлық ЕДБ арасында екінші орынға шықты.
  • «Халық банкіндегі» өсім 100,3 млрд теңгені құрады, ал жалпы көлемі 9,6 трлн теңгеге жақындады.
  • Forte Bank-тің активтері қыркүйек айында 2,2 трлн теңгеге жақындап, 101,1 млрд теңгеге ұлғайды.

Қыркүйектің басқа оқиғаларының ішінде Kaspi Bank активтерінің 59,6 млрд теңгеге төмендегенін атап өткен жөн. Бұл 8 айда алғаш рет болды.

«Хоум Кредит Банкінде» көрсеткіштер қатарынан 6 ай бойы төмендеп келеді, бір жылда алғаш рет 400 млрд теңгеден төмен түсіп отыр.

Jysan Bank активтері жарты жылда 4-ші рет құлдырады, қазір – 57,9 млрд теңге. RBK Банкі қатарынан 4 ай бойы өсімді көрсетіп келеді, оның көрсеткіштері айтарлықтай жылдам ұлғаюда: қыркүйекте 7,3%-ға өсті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз