Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Өзбекстанның базарларында сапалы ет жоғалып кетті. Қазақстанның қандай қатысы бар?

265
Сурет: unification.com.au

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда тірі мал экспортына мораторий жарияланды. Өзбекстанға ірі қара малды жіберу көлемінің артуына мораторий себеп болды. 2019 жылы Қазақстаннан Өзбекстанға 156 мың жеткізілсе, ал бір жыл бұрын — тек 39 мың бас шығарылған еді. Өсім 4 есе. Ет өңдеушілермен әңгімелескен ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров өз бетінше шешім қабылдады.

Ақша болмаса, ет те жоқ

Мұның салдары ұзаққа созылмады: 2020 жылдың 10 айында Өзбекстан бір жыл бұрын алып келгеннің бәрін жеп тауысты. Нәтижесінде сиыр еті қымбаттай бастады. Өзбекстан президенті наразы халықты тыныштандыру үшін етке шекті баға белгіледі.

Ал барлық өзбек сиыр етінің 91%-ы фермерлердің емес, халықтың қолында болғандықтан, малшылар уақытша тайм-аут алып, нарыққа ет шығаруды тоқтатты

Айтпақшы, мораторийдің салдарын қазақстандық ауыл шаруашылығы өндірушілері де көруде. Өзбекстан сияқты ірі өткізу нарығынан айырылған малшылар фермаларын сатып жатыр. Оларға ішкі нарыққа тек ет жеткізу пайдасыз. Тері, мүйіз, тұяқ және ішек-қарын да пайда көзі. Тек Қазақстанда оларды қайта өңдейтін жер жоқ. Бұл тек сиыр етіне ғана емес, қой етіне де қатысты.

Мысалы, Shopan-ata Қазақстан қой өсірушілер Ұлттық қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев өз сұхбатында елдің мал шаруашылығы толық күйреу алдында тұр деп дабыл қағуда.

«Жақында мен оңтүстік өңірлер — Түркістан, Қызылорда, Таразға бардым», – деді Алмасбек Садырбаев. — «Семинарлар өткізіп, қой өсірушілермен кездестім. Қызылорда облысындағы бір оқиғаны айтып бергім келеді. Бұл тірі малды сатуға мораторий енгізілгенге дейін болды. Өткен жылы бір қой фермасында 16 мың қой болған. Бұл Қызылорда облысының нақты бір ауданындағы қой басының 50%-ы. Шаруашылықтың иесіне өзбектер келіп, одан 15 мың мал басын сатып алды.

Ол тек 1 000 қой қалдырды! Ал 15 мың қойды, оның ішінде көбінесе  саулықтарын сатқан

Қандай жағдайға тап болғанын елестетіп көріңізші? Осыдан кейін осы аймақтағы қандай перспектива туралы айтуға болады? Және де бүкіл ел бойынша. Біздің өзбек ағайындарымыз қаракөлді өндіру үшін қойдың барлық дерлік малын алып кетті. Олар осы саланы дамытып, Ауғанстанмен бірге Африка нарықтарына шығады. Ал енді олар бізден мал етін алып жатыр. Сондықтан мораторийді жоюдың салдары өте ауыр болады. Мемлекет те, салық төлеушілер мен кәсіпкерлер де біздің барлық салымдарымыз тығырыққа тірелуі мүмкін».

Заңсыз сыртқа шығаруға кім рұқсат береді

Аграрлық кеңесші Кирилл Павлов әріптесімен ішінара келіседі. Оның пайымдауынша, ет бойынша экспорттық көлемнің болмашы болғаны соншалық, ол бағаларға да, мал басының жалпы көрінісіне де әсер етпейді.

Кирилл Павлов, Facebook-тегі жеке парақшасынан алынды

Алмасбек Садырбаев егер мал басын тірі салмақта экспорттауға рұқсат етілсе, Қазақстаннан ұрғашы мал бас шығарылады деп мәлімдейді. Ал бұл апатқа әкелуі мүмкін.

— Бұл таза манипуляция. Әрдайым, соңғы алты жылдағы барлық кездесулерде бірдей нәрсе айтылады. Ұрғашы малды экспорттауға тыйым салынады. Бұл тіпті талқыланбайды. Саланың барлық қатысушылары осындай нормамен келіседі.

18 млн қой басы бар деген шындыққа жанаспайды. Менің ойымша, бұл жерде тіркемелер бар.

Ресми статистика бойынша  22 миллион қой мен ешкі басы бар болса да,  бұл саннан 20-25%-ын шегеріп тастау керек

Фермерлер қой шаруашылығын асылдандыру жұмыстары үшін субсидия алады. Ал ол мал басын қазір жеп-тауысып қойған, бірақ субсидиялар әлі де жалғасуда.

Тірі малдың, әсіресе ірі қара малдың экспорты туралы қанша айтқаныма қарамастан, олар бұқа деп сиырларды Өзбекстанға экспорттауда деп сендіреді. Жақсы сүт беретін сиыр кез келген бұқадан үш есе қымбат. Фермер өзінің табыс көзін тегін беретіндей ақымақ емес қой? Олар өзбектер бұқа деп жасырын түрде сиырларды алу үшін ақшаны артығымен төлеуде деп жауап береді.

Мен соңғы екі жыл бойы өзбектермен жұмыс істедім. Олар ең болмағанда 1 тиынды артық төлемейді

Екіншіден, егер қандай да бір мал жасырын әкетілсе, барлық мәселе кеден мен шекара қызметіне қатысты болады.

Өткен аптада менің досыма рефрижераторының бұзылып, тасымалдап жатқан 20 тонна балықтың 100 кг ерігені үшін айыппұл салынды. Яғни, құжаттамаға сәйкес келмейтін аз ғана балықты тауып алады да, ал мал таситын көліктегі 33 бұқаның ішінен сиыр таба алмай ма? Малды тірі салмақта экспорттауға тыйым салуды ұзартқаны үшін шекарада бассыздыққа жол беріледі деудің қажеті жоқ.

Шаруашылықтарды сату

Сондай-ақ, сіздің әріптесіңіз 2019 жылы Қазақстанның Ет одағының өкілдері Алашанькоу тарапынан Қытай шекарасынан 100-150 км қашықтықта ірі қара малдың бір басы 2 700 долларға дейін табыс әкелетіні туралы деректер келтіргенін айтады. Біздің жергілікті фермерлерге сол мал үшін бір мың ғана беріледі.

— Дәл 2 700 доллар екеніне сенімді емеспін, бірақ Алмасбекпен толық келісемін, және біз сиырдың етінен басқа өнімдері де пайда әкелетінін бірнеше рет талқыладық. Ет комбинаттарын етке толтыратын уақыт келді. Бірақ бұл әлі қолға алынған жоқ.

— Сонымен сіз малды тірі салмақпен экспорттауға тыйым салуды қолдайсыз ба, жоқ па?

— Мен тыйым салуға қарсымын. Біз қазірдің өзінде өз ферма иелерінің 50-200 бас ірі қара малға арналған шаруашылығын жаппай сатып жатқанын көріп отырмыз. Фермерлер шығыны мен пайдасын есептеп, өздері күткен перспективалар жоқ екеніне көзі жетті.

Ешкім етті көтерме бағамен сатып, аз ғана пайда алғысы келмейді

Етті бұқаны дамытудың екі кезеңі бар. Алдымен оларды елдің солтүстігінде  15 ай бойы өсіреді. Ал бұдан кейін оңтүстікте сою үшін бағады. Екі фаза әртүрлі қолда жүргізіледі. Бұл қазіргі және толықтай жұмыс істейтін модель. Үздіксіз жұмыс істеу тізбегін жөнге келтіру жеткілікті. Иә, еңбек ауыр, бірақ онсыз болмайды ғой? Мен бір нәрсені айта аламын: біздің ерекшелігіміз кез келген идеяны кез келген кезеңде сәтсіздікке ұшырата алатындығымызда.

Бұқашықтарды дамытудың бірінші кезеңінде құзыреттілікке қатысты, екінші кезеңінде қаржыландыруға байланысты қиындықтар туындайды. Ірі бордақылау алаңдары онша көп емес. Бірақ бордақылайтын мал сатып алу үшін берілетін несие желілері жабылған кезде, күрделі проблемалар басталды. Осыған қарамастан, мен ұрғашы малдың экспортын қолдайтын бірде-бір мал өсірушіні көрмедім.

Егер бір-екі жерде ұрғашы шығарылса да, олар жарамсыз болған шығар

Туа алмайтын сиырлар союға жіберіледі. Әдетте бұл малдың 2-3% құрайды.

Барлығын мал иесі біледі

Егер экспортқа тыйым салу мал шаруашылығына зиян келтірсе, онда ауыл шаруашылығы министрлігі мұндай түбегейлі шараларды неге қабылдады? Мүмкін, мал басы азайып кеткен шығар?

— Экспорт кез келген жағдайда мал басын азайтады. Сіз жануарды соймай ет сата алмайсыз. Неліктен малды тірідей алып кетті? Себебі бұл ет сатудан гөрі қымбатқа шықты.

Өзбектер мұндай импортты жақсы көреді, өйткені оларда тұяқтар, мүйіздер, терілер, ішек-қарындар өңделеді. Иә, сиыр етінен басқаның бәрі

Бізде ештеңе жоқ. Жүнді бастапқы өңдеумен айналысатын барлық фабрика жабылды, бүкіл ел бойынша бір-екеуі ғана жұмыс істейді. Жанымызда сиырдың ішек-қарынын жақсы көретін үлкен Қытай нарығы бар. Бірақ біз бәрін қоқысқа тастаймыз. Жақсы жағдайда біз иттерді тамақтандырамыз.

— Өткізу нарығына ие болсақ та, мұндай қайта өңдеуді не себепті жолға қоя алмай отырмыз?

— Өйткені мұнымен айналысу керек.

Онда басқа мүмкіндігі болмағаннан, 15 мың қойды арзан бағамен сатуға дайын фермерге не айтамыз?

— Онда ешқандай шығын жоқ, еңбекпен өсірген малын арзанға сататын ақымақтар жоқ. Қазір қой етіне сұраныс жоғары. Бір киллограмын 1 850 теңгеге сатып алуға болады.  Өзбектер бұл фермерге жақсы баға ұсынған шығар.

Неліктен онда экспорттан трагедия жасап отырмыз? Себебі қай жерде қате жібіргенімізді анықтайтын жүйелік талдау жоқ.

Қазақстанда сиыр етінің бағасы әрдайым негізсіз төмен болды. Енді ол әділ орынға көтерілді. Егер экспортқа қымбат ұсынылса, фермер өз тауарларын ішкі нарыққа арзан жеткізуге міндетті емес. Бірақ статистика бойынша, экспортқа жалпы өндіріс көлемінің 3%-ы ғана кетеді.

Өткізетін жер жоқ болса, бизнес те болмайды

— Егер бұл небәрі 3% болса, неге тірі мал басын экспорттауға тыйым салынды?

— Себебі түсінік жоқ. Бұл біз бірнеше рет айтқан көктемгі қырыққабат экспортына тыйым салумен тең. Мораторий мерзімі аяқталады, сонымен қатар фермерлер мал шаруашылығынан жаппай бас тартуда.

Павлодар, Ақтөбе, Ақмола, Түркістан және Қарағанды облыстарының 20-ға жуық шаруашылығы маған фермаларын толық сатуға көмектесуімді сұрады. Көп жағдайда бұл бұқаларды 15 айға дейін өсіретін репродукторлар. Бір бөлігі сүтті мал өсіреді. Бірақ адамдардың мал шаруашылығында жұмыс істеуге деген ынтасы жоқ.

Ішкі нарық сиыр етіне толы. Орташа шаруашылықтардың өткізу нарығы жоқ. Сиыр етін экспорттаушылар қатарына кіру үшін сансыз сәйкестік талаптарын орындау қажет

Бірақ белігілі бір елдерге ғана шығарып сатуға болады. Елдегі 2-3 компания барлық шарттарға объективті түрде сәйкес келе алады. Сондықтан шаруашылықтар малды тірідей көбірек сатады.  Экспортқа тыйым салынғанына бір жылдай уақыт болды. Бұл олардың бизнесінің түбіне жетеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз