Екі айда алғаш рет COVID-19 инфекциясы барлық аймақта тіркелді. Емделіп шыққандарға қарағанда вирус жұқтырғандардың қарқыны артуда.
21 қазанда елдің барлық аймағынан коронавирус жұқтырғандар анықталды. Соңғы рет бұл 25 тамызда, яғни екі ай бұрын болған еді. Оның үстіне,
екі күн қатарынан республиканың 17 өңірінің 7-інде 10 және одан да көп жаңа факті тіркелуде
– бұндай өсу қарқыны 26 тамыздан бері тіркелмеді.
Соңғы тәулікте жаңа жұқтыру жағдайларының көбі Шығыс Қазақстан облысында (21) анықталды. Бұл 29 қыркүйектен бері қарай аймақта тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Осы облыста 5 маусымнан бастап бір күнде анықталған жаңа фактілердің тәуліктік саны 10-нан төмен болған жоқ. Яғни бұндай жағдай 4,5 ай бойы қайталанып келеді.
Қазақстан Украинаға азырақ көмір сататын болған. Бұған Ресей кінәлі ме?
Ал өңірде емделіп шыққандар көп емес. Ресми мәліметтер бойынша, ШҚО-да соңғы рет COVID-19-дан емделіп шыққан науқас бір ай бұрын, 25 қыркүйекте шығарылды. Содан бері coronavirus2020.kz сайтында тиісті ақпарат жарияланбаған.
Вирус жұқтырғандарға қатысты үнемі дерек тіркелетінін ескерсек, ШҚО республикадағы вирус жұқтырғандардың саны едәуір өсіп келе жатқан жалғыз облыс. 22 қазанда COVID-19 диагнозы 466 адамға қойылды.
Қазіргі таңда белсенді науқастардың жалпы саны бойынша екінші орында Қостанай облысы (379), үшінші орында – Нұр-Сұлтан (341). Түркістан облысы (16) мен Шымкентте (18 адам) жағдай біршама тәуір.
Тағы бір мәселе – соңғы төрт күнде емделіп шыққандарға қарағанда вирус жұқтырғандардың саны жоғары. Мысалы, 21 қазанда тиісінше, 0,13% бен 0,08%.
Қазіргі жағдай аса ауыр емес, бірақ бұл 28 тамыздан кейінгі ең жоғары көрсеткіш екенін естен шығармау керек.