Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Ресей ковид жұқтырғандарға арналған ауруханаларды қайта ашуда: олар қалай жабдықталған?

145
Сурет: Владимир Гердо / ТАСС

Мұндай төрт аурухана бар: Мәскеуде — Сокольник пен Крылатскийде, Мәскеу облысында — Патриот саябағында, Санкт-Петербургте — «Ленэкспода». РБК репортаж жасап, уақытша ауруханаларды көрсетті.

Сурет: mos.ru

Мәскеуде қазан айында күн сайын 4 мыңнан астам адамнан COVID-19 анықталды. Тек бір аптада, 5-11 қазан аралығында ауруханалардың жүктемесі 14,8%-ға артты.

Мәскеудің екі ауруханасы да жылжымалы рентген және КТ аппараттарымен жабдықталған, сонымен қатар әр төсекке оттегі жеткізілетін реанимация палаталары бар. «Крылатское» мұз сарайында 1 347 инфекциялық төсек және 42 қарқынды терапия төсегі орналастырылған. Ашылған кезде палаталық төсектердің 26%-ын және қарқынды терапия төсектерін пайдалану жоспарлануда. Ауруханада 61 дәрігер мен 90 медбике жұмыс істейді.

Сурет: mos.ru

«Сокольник» кешенінің жоспарлы қуаты— 550-ге жуық төсек-орын, оның ішінде 18 қарқынды терапия орны бар. Ашылған кезде төсектердің 62%-ын пайдалану жоспарлануда. Сондай-ақ, үйде түрлі себептермен өзін-өзі оқшаулау режимін сақтай алмайтындар үшін обсерватор бар.

Сурет: mos.ru

Орындардың жетіспеуіне байланысты астана билігі тағы екі уақытша орталықты — ВДНХ және Кашир тас жолындағы Мәскеу сауда орталығын ашуымыз мүмкін деп отыр.

Сурет: Евгений Биятов / РИА Новости

Санкт-Петербург губернаторы Александр Беглов қазан айында ауруханалардың жүктемесі шамамен 21%-ға артқанын айтты. Санкт-Петербургте 12 қазаннан бастап «Ленэкспо» аумағындағы COVID-19 пациенттеріне арналған уақытша аурухана қайта ашылды.

Сурет: Александр Демьянчук / ТАСС

«Ленэкспо» жетінші павильонында сәуір айында коронавирустық инфекцияның жеңіл түрімен ауыратын науқастар үшін 1 мың төсектен тұратын 500-ден астам модуль жабдықталды.

Сурет: Александр Демьянчук / ТАСС

6 қазанда Мәскеу облысындағы Патриот саябағында көктемгі аурудың өршуінен кейін уақытша аурухана ашылды. Онда 1,4 мың орын қарастырылған. науқастармен 700 дәрігер  жұмыс істейтін болады.

Сурет: mosreg.ru

Аймақта 5-11 қазан аралығында пневмониямен, оның ішінде COVID-19-дың әсерінен пайда болған пневмониямен ауыратын науқастарды ауруханаға жатқызу  40%-ға артты. Қарашаға қарай Мәскеу облысында COVID-19 жұқтырғандар үшін 15 мыңға дейін төсек-орын орналастырылды. Салыстыратын болсақ, көктемде ауру өршіген кезде олардың жалпы саны 12 мың болған еді.

Сурет: mosreg.ru

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз