Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Әзірбайжан мен Армения: соғыс аяқталды ма, әлде қысқаша кідіріс жасады ма?

452
Сурет: hayeli.am

Таулы Қарабақтағы қақтығыстың ушығуының екі апталық кезеңінен кейін тараптар  келіссөз үстеліне отырды. Ресей делдал болып, Әзірбайжан мен Арменияның СІМ басшылары 9 қазанда Мәскеуде бітімге қол жеткізу бойынша кеңесу раундын өткізу үшін кездесті.

Баку мен Ереванның соғыс аймағында атысты тоқтату туралы 2020 жылдың 10 қазанынан бастап келісе алуы Оңтүстік Кавказдағы жағдай тұрақталады деп үміттенуге мүмкіндік береді.

Коронавирустың екінші толқыны соншалықты қатты болмайды, бірақ ұзаққа созылады — дәрігер

Әрине, қарама-қарсы тараптар атысты тоқтату параметрлерін келісу үшін әлі де қосымша кеңесуі керек. Алайда, әскери әрекеттерден бас тарту мүмкіндігін мойындауын сөзсіз дипломатиялық жеңіс деп санауға болады.

Қайтадан бәрін басынан бастады

Айта кету керек, жанжалға қатысушылар кездесуді толыққанды келіссөз ретінде қарастырып отырған жоқ. Өткізілген консультациялар шеңберінде тұтқындарды және қаза тапқандардың денелерімен алмасу үшін бітімге келуді мақсат тұтқан еді.

Мұндай тәсіл әбден орынды, өйткені Таулы Қарабақ қақтығысын реттеу жөніндегі негізгі келіссөздер ЕҚЫҰ-ның Минск тобының құзыретінде. Ол қазірдің өзінде Әзірбайжан өкілдерімен жағдайды талқылай отырып, Женевада консультациялар өткізді.

Алтынға деген сұраныс төмендеп, бағасы арзандады

Таулы Қарабаққа қатысты өткізілетін консультациялар кестесі тығыз, бұл бір жағынан келіссөз процесіне қатысушы тараптардың қақтығысушыларға әсер ететін қажетті әдістерді таба алғанын көрсетеді.

Екінші жағынан,  жауынгерлік іс-қимылдар жүргізіліп жатқан аймақтағы жағдай асықтырды. Әсіресе майданның оңтүстік бағытында. Сондықтан алда саяси жанжалды  реттеудің қиын жолы күтіп тұр.

Бітімге қауіп төніп тұр ма?

Атысты тоқтатуға қатысты келісімдді бұзғаны үшін өзара айыптау Әзірбайжан мен Армения арасындағы қарым-қатынастағы қалыпты жағдайға айналды. Әрбір әскери оқиғадан кейін бітімге келіп, келіссөздер аяқталған соң бір-бірінің позицияларына жасалған соққылар туралы жаңа деректер айтылады.

Қазіргі шиеленістің ушығуы да ерекше жағдай емес. Екі қарама-қарсы тарап бір-бірін қақтығыс аймағында соғысты тоқтату туралы келісімді бұзды деп айыптады.

Армян тарапы Таулы Қарабақтағы Гадрут қаласы бағытында соғыс қимылдары жүргізілді дейді. Таулы Қарабақ басшылары Степанакерт, Шуши, Мартуни және басқа елді мекендерді зымыранмен атқаны туралы мәлімдеме жасады. Сонымен бірге Әзірбайжан билігі Әзірбайжанның Гянджа қаласының халық тығыз қоныстанған ауданына армяндардың зымыранмен соққы жасағаны  туралы хабарлады.

Мұндай жағдай қақтығыс аймағында қаза тапқандардың денелері мен тұтқындары айырбастауға мүмкіндік бермейді. Жауынгерлік іс-қимылдар тек жекелеген учаскелерде ғана емес, бүкіл майдан шебінде тоқтайтынына кепілдік беру керек болғандықтан, Халықаралық Қызыл крест Комитетінің гуманитарлық делдал рөлін орындауға мүмкіндігі болмай отыр.

Қазіргі уақытта кейбір учаскелерде салыстырмалы түрде тыныштық орнаған, үлкен калибрлі қару-жарақтан от атылып жатқан жоқ. Жалпы алғанда, негізгі міндет – шиеленіс деңгейін төмендету. Сонымен,

бітім туралы жаңалықтарды жеңіске жетуге бел буған халық әртүрлі қабылдады

Әзірше Әзірбайжан мен Арменияның қорғаныс ведомстволары Мәскеуде қол жеткізілген атысты тоқтату туралы уағдаластықтарды сақтауға ниетті екенін мәлімдеді. Алайда, бұл жағдай жақыда реттеледі  дегенді білдірмейді. Керісінше, бұл бағытта тек алғашқы қадам жасалды деп айтуға болады

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз