Үш ай дүрлігуден кейін Ұлттық Банк құймаларының сатылымы 40%-ға қысқарды.
Кейін көрсеткіштер айтарлықтай артты:
Осылайша, жазда алтынның сұранысы шарықтау шегіне жетті, ал қазір ол мамыр айындағы деңгейге қайта оралды. Алайда, бұл жыл басындағы көрсеткіштерден айтарлықтай жоғары.
Ресми мәліметтер бойынша, 2020 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін ел тұрғындары жалпы салмағы 566,3 кг болатын 13 208 құйма сатып алған
Егер мамыр-қыркүйек айларының мәліметтерін осы жерден алып тастасақ, жылдың алғашқы 4 айында жалпы салмағы 103,7 кг болатын 3 216 құймаға сұраныс болған немесе айына орташа 804 құйма және 25,9 кг бағалы металл сатылған. Бұл қыркүйектің көрсеткіштерінен айтарлықтай төмен.
Ұлттық Банк 2017 жылы тазартылған алтынның өлшеуіш құймаларын халыққа сату және сатып алу бағдарламасын іске қосты. Осы уақыт ішінде жалпы салмағы 1,25 тонна болатын 34 688 алтын құйма сатылды.
Ауыл шаруашылығы министрі тауықтарды қалай өсіретінін біле ме?
Өңірлер арасында көшбасшы Алматы қаласы (өткізілген құймалардың жалпы санының 55%), одан кейін Атырау (14%), Нұр-Сұлтан (10%) және басқа да өңірлер (21%).
Бағдарлама іске қосылған сәттен бастап жалпы салмағы 3,2 кг 119 өлшегіш құйма кері сатып алуға қабылданды. Ұлттық Банк бұл қызметке сұраныстың төмендегін алтын құймалары инвестициялаудың ұзақ мерзімді құралы болуына байланысты деп түсіндірді. Яғни, алыпсатарлыққа қолайлы емес.
Жаз айларында алтынның бағасы қымбаттап, сұраныс та артқан еді. Егер 1 маусымда 1 граммның ресми құны 22,8 мың теңгеден сәл асатын болса, 3 айдан кейін – 26,4 мыңнан асып түсті, яғни осы уақыт ішінде
алтынның бір граммының бағасы 3,6 мың теңгеге өсті
Қыркүйек айында өсім тоқтады. Ұлттық Банктің деректері бойынша, 1 қазанда республикада осы бағалы металдың құны 26 147,9 теңгені – 1%-ға немесе бір ай бұрынғыға қарағанда 269,5 теңгеге арзандады. 12 қазанға қарай ол 26,3 мың теңгеге дейін көтерілді.