Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-12
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

Қазақстан өлім жазасынан бас тартатынын растады

155
Сурет: Pixabay

Өлім жазасын жою туралы халықаралық Хаттамаға қосылу туралы шешімді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-ші мерейтойлық сессиясының жалпы саяси пікірталас барасында сөйлеген сөзінде жариялады. Ол Қазақстан өмір сүру мен адами қадір-қасиетке негізделген құқықты жүзеге асыруға бекем екенін атап өтті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Ведомство халықаралық құжатқа қол қою өлім жазасын қолдану аясын біртіндеп тарылту және қылмыстық заңнаманы ізгілендіру бағытының жалғасы екенін атап өтті. Қазақстан Республикасында өлім жазасын қолдану ҚР Президентінің 2003 жылы тиісті мораторий енгізу туралы Жарлығымен толығымен тоқтатылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз