Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Онлайн оқытуға қатысты проблемаларды мектептерді ашу арқылы ғана шешуге болады

332
Сурет: northjersey.com

Дүйсенбіде халықаралық педагогикалық білім беру кеңесі (ICET) онлайн оқытуға арналған бейнеконференция өткізді. Оған 15 елдің педагогтері қатысты.

Мәжбүрлі қашықтықтан білім беру проблемасы ғаламдық сипатқа ие екені белгілі болды. Онда деректердің құпиялылығы, плагиат мәселесі туралы айтылды. Конференцияның соңында ешбір елдегі орта мектеп бұларды шеше ала алмайды деген қорытынды жасалды.

Заң бар, бірақ ол қорған бола алмайды

Теориялық тұрғыдан алғанда, әр елде интернетте балаларды қорғау туралы заң бар. Бірақ пандемия оның жұмыс істемейтінін көрсетті.

Мәселен ZOOM бағдарламасы арқылы өткізілген сабақтағы порнографиямен байланысты оқиға немесе онлайн сабақтарға қосылудың парольдері мен нұсқаулықтары бар телеграмм-арналарға қатысты жағдайды алып қарайық. Бүкіл әлемдегі білім беру мекемелері осыған ұқсас түрлі жағдайға тап болған.

Білім министрлігінің жаңа қағазы Қазақстандық ЖОО-лардың шетелдегі мәртебесін арттырмайды — Смирнова

Сарапшылар ұлттық онлайн оқыту платформаларының жоқ екенін атап өтті. Сол себепті де бүкіл әлемде талаптарға сай келмейтін жаһандық ойыншылардың өнімдерін пайдаланады.

«ZOOM тәрізді платформалар тиісті қауіпсіздік пен құпиялылық деңгейін қамтамасыз ете алмайды, өйткені олар білім беру жүйесі үшін арнайы жасалмаған. Орта білім беруге арналған қолда бар цифрлық ресурстар қажетті функционалға ие емес», — деп атап өтті Техастағы мектептердің бірінің директоры Джордж Гарстронг.

Вирджиния білім беру технологиялары қоғамының атқарушы директоры Карен Ричардсон: «Қазір біз қарапайым мектепті алып,  ғаламторға енгізуге тырысып жатырмыз, бірақ ол екеуі сәйкес келмейді», — деді.

Конференцияға қатысушылар мынадай қорытындыға келді

ел үкіметтері мұндай платформаны құруды  өз мойнына алуы керек

Болашақта ұлттық платформаларды жаһандық білім беру желісіне біріктіруге болады. Себебі мұғалімдер интернеттегі сабақтардың посткоронавирустық оқыту кезінде пайдалануға болатын артықшылықтарын тапты.

Теңсіздік және шпаргалка

Қашықтан оқыту балалар арасындағы сандық алшақтықты арттыра түсті: кең жолақты интернет бәріне бірдей қолжетімді емес. Сарапшылар

онлайн мектеп кейбір оқушыларды тығырыққа тіреп, білім сапасын төмендетеді

деп алаңдайды. Өйткені оқу барысындағы техникалық проблемалар сабақты оқуға кедергі болады.

«Балалардың карантин кезінде жеткілікті деңгейде меңгере алмаған білімдерін ескеріп, ары қарайғы оқу бағдарламасын қайта қарауымыз керек бола ма деп уайымдаймын. Белгілі бір пәндердің сағаты басқа пәндердің есебінен кеңейтіледі. Нәтижесін тек болжай аламыз, —деді Ұлыбританиядағы мектеп психологы Елена Ковиль.

Жаңа қатаң карантин енгізілсе мемлекет жәрдемақы төлемдерін еңсере алмауы мүмкін — Своик

Франциядан келген физика пәнінің мұғалімі Пол Батен алаяқтық мәселесін де атап өтті..

«Оқушылар үйде тест тапсырмаларын орындағанда жауабын интернеттен іздеп,   тапсырмаларды өзара талқылайды. Бұл теріс салдарға әкелуі мүмкін.

Мектептер неғұрлым ұзақ уақытқа жабылса, оқушылар ойлауды және жеке шешім қабылдауды ұмытып қалады

Бұл әсіресе бастауыш сыныптарға қатысты, онда балалардың уәжі жеткіліксіз және мұғалімнің бұл процесті бақылай алмайды»,  — деді ол.

Мәселенің бір ғана шешімі бар, мектептерді ашу керек

Онлайн оқытудағы мұғалімдер тап болған күтпген қиындықтар туралы айтылды. Мысалы, Калифорниядан келген ағылшын тілі мұғалімі Джерри Култер жеке қарым-қатынас, оқушының қолын көтеріп, жауап беруге итермелеу үшін оның көзіне қарау мүмкіндігі жоқ екенін айтты. Оның айтуынша, онлайн режимінде сұрақ қойған кезде ешкім жауап қатпайды.

«Көбіне оқушылар техникалық ақау пайда болған кейіп танытады.

Кейде сабақ босқа өткендей болып көрінеді. Балалардың материалды қаншалықты меңгергенін түсіну мүмкін емес

ICET конференция Білім берудегі дағдарыстың өсіп келе жатқанын тағы бір мірте растады деп атап өтті.  Мектептер дағдарыс кезінде қолдарынан келгеннің бәрін жасады. Алайда мүмкіндіктер шектеулі болды. Мектептер мүмкіндігінше тезірек ашылмаса, онлайн режимінде білім беру проблемалары оқушылардың білім деңгейіне және бүкіл ұрпақтың дамуына қатты әсер етеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз