Білім министрлігінің қазақстандық жоғары оқу орындарының дипломдары 2021 жылдан бастап енгізілетін жаңартылған қосымшаның (Diploma Supplement) арқасында Еуропа елдерінде танылатын мәлімдеді. Парламент депутаты осыған қатысты пікір білдірді.
Осындай жаңалықтардың аясында Білім және ғылым министрлігі кенеттен «қазақстандық жоғары оқу орындарының дипломдары Еуропа елдерінде танылатын болады» деп хабарлады»:
«2021 жылдан бастап отандық жоғары оқу орындарының түлектерінің дипломына жаңартылған қосымша (Diploma Supplement) беріледі. Онда Қазақстандық жоғары білім беру біліктілігінің еуропалық біліктілікпен сәйкестілігі міндетті түрде көрсетіледі. ҚР Жоғары білім беру ұлттық біліктілік шеңберінің өздігінен сертификаттау бойынша есебін Болон процесінің хатшылығы қабылдады. Енді еліміздегі жоғары оқу орындарының дипломдары Еуропа елдерінде жарамды болады. Бұл шетелдік азаматтар тарапынан қазақстандық жоғары білімге деген қызығушылықты арттырады. Қазақстандық жоғары оқу орындары түлектерінің біліктілігі еуропалық біліктілік санатымен сәйкес келеді».
Қазақстандық білімді шетелде тану үшін нақты осы жаңа қосымша қажет болда ма деген сұрақ туындайды. Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова бақылау жүйесінің көп нәрсені назардан тыс қалдырды деп санайды.
— Ирина Владимировна, біздің біліміміз шетелде ерекше бағаланбайтыны құпия емес.
— Еліміздегі білім беру сапасы жақсы немесе нашар деп айта алмаймын, бұл күрделі және даулы мәселе. Мен көпке топырақ шашпас едім. Екінші жағынан, тағы бір қағаз білім беру саласындағы барлық мәселені шешеді, сапасын арттырып, көпшіліктің мойындауына себеп болады деп айта алмаймыз.
Жоғары оқу орындарыны бәрі өз уақытында аттестация мен аккредитациядан өтті. Оны аттестаттау комиссияларымен бірге министрліктің өзі өткізді.
ЖОО-лардың жұмыс істеуіне рұқсат беретін құжаттарға кім қол қойды? Бұл адамдар жауапқа тартыла ма?
Олар 2020 жылы пробасына бұлт үйірілген университеттерге түскен студенттердің алдында жауап бере ме?
Менің ойымша, аккредиттеу және сертификаттауда қатаң елек болып, нәтижесінде студенттерді оқыту құқығын тек күшті және лайықтыларға беру керек. Ақыр аяғында біліктілікті тексерудің түрі көп. Егер тексеру жүргізілген болса, министрлік не себепті мұндай шаралар қолдануға мәжбүр? Менің болжауымша, жоғары оқу орындары аккредиттеуден және аттестаттаудан сапасыз өтті және бастапқыда белгіленген талаптарға сәйкес келмеді.
Мысалы, Украинадағы университеттер аккредитациядан өткен кезде, олардың барлығы бір тармаққа сәйкес келмегендіктен жабылғанын білемін. Олардың ешқайсысы мүмкіндігі шектеулі жандардың білім алуына жағдай жасамаған. Яғни инклюзивті білім беру талабына сәйкес келмеген.
— Бізге осындай талаптар қойыла ма?
— Қазақстандық жоғары оқу орындарына қойылатын талаптар тізбесінде де осындай тармақ бар, бірақ сәйкес келмесе де олар жұмысын жалғастыруда. ЖОО-лар аккредиттеуден қалай өтті деп аккредиттеу комиссиясынан сұрау керек. Бұл оларға қойылатын сансыз сұрақтың бірі ғана. Бұларға жауап іздеудің орнына министрлік жаңа тексерулер жолына түсті.
Жекелеген жоғары оқу орындарының білім бермейтінін, тек дипломдарды басып шығаратынын барлығы біледі. Оларды тазалай бастады.
Министрлік осы жоғары оқу орындарының атын атап, түсін түстеу керек. Қандай олқылық жібергенін де ашық айтқан жөн. Алайда ведомство бұл мәселеде ашықтық танытпайды
Әңгімені кері қайтарып алынған лицензиялардан емес, біздің ғылым кандидаттары мен докторлары басқалардың жұмысынан көшіріп алған материалдарды плагиат деп танудан бастауды ұсынамын. Біз бұл қадамнан өткен жоқпыз. Бізде дәрежесі бар адам басқа біреудің зияткерлік меншігін ұрлағаны үшін жауап беруі керек деген түсінік жоқ.
Жоғары оқу орындарын аккредиттеуді жүргізетіндер де қол қойғандары үшін жауап береді. Себебі ақыр аяғында ЖОО-лардың білім бере алмайтыны белгілі болды. Дипломдары жаңа қағазсыз-ақ шетелде танылған бірнеше ЖОО бар..
— Мәселен қандай ЖОО?
— Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы, Қарағанды және Семей медициналық университеттері, Алматы және Нұр-сұлтан аграрлық университеттері. Олардың білім сапасы басқа елдерде мойындалады. Оған шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу және бірлесіп өткізген іс-шаралар дәлел бола алады. Яғни, олар университеттер арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне жетті. Сондықтан мәселе қосымша құжат емес.
— Таратылатын ЖОО-да оқитын студенттермен не істейді? Мемлекет бұл мәселені шешуге міндеттеме ала ма?
— Алуы тиіс. Себебі адамдар ЖОО-ға аккредиттелгенде түскен және реттеуші органдар тарапынан шағымдар болмаған. Шығындардың орнын толтырып, оқу процесін жалғастыру тек ведомствоның қолынан келеді. Студенттер басқалардың ойыншығына айналмауы керек. Олар жағдайдың бір сәтте өзгергеніне кінәлі емес.
— 1999 жылы Болон процесі басталған кезде оралайық. 21 жыл бұрын келісімге келдік. Осы уақыт аралығында қандай жұмыс жасалды? Біз басынан бастап өз мүмкіндіктерімізді тиісінше бағаламағандықтан, айтарлықтай жетістікке жетпедік пе?
— Сөзіңіздің жаны бар. Алайда, Болон процесі туралы келісім тез өзгеруді қажет етпеді. Керісінше, жергілікті ерекшеліктерді және т.б. пайдалану керек деп айтылды. Бізде ол әлі күнге дейін толық жүзеге асырылмаған факт. Кредиттік жүйе, профессорлық-оқытушылық құрамды сайлау және т.б. соңына дейін іске асырылмады. Біздікі түпнұсқаға ұқсамайтын арзан көшірме секілді. Бұл негізсіз және иррационалды реформалардың салдары.