Лондон Корольдік колледжінің профессоры Тим Спектор коронавирус пен тұмау, суық тиюдің белгілері ұқсас, бірақ айтарлықтай айырмашылығы да бар екенін түсіндірді.
Ал коронавирус жұқтырған ересек адамдардың көбінесе дене қызуы көтеріліп, қатты шаршағанын сезеді, иіс сезу қабілеті жоғалады. Байқағандарыңыздай, екі жағдайда да мұрынан су ағу белгісі жоқ.
Сонымен қатар, зерттеулерге сәйкес, COVID-19 инфекциясы расталған әрбір алтыншы баланың денесінде ерекше бөртпе шығатыны белгілі болды.
Ата-аналар қарапайым белгілерді байқағанда үрейленбеуі керек. Бірақ балаларының жалпs жағдайын үнемі бақылап отырған жөн. Профессордың айтуынша, жоғарыда аталған белгілер тұмау кезіндегідей әрдайым бірден пайда болмауы мүмкін.
Эпидемиолог COVID-19 жұқтырғандардың арасында тіпті асимптоматикалық пациенттер де бар, олар вирустың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін еске салды.
Маман егер өзіңіздің немесе балаңыздың бойында COVID-19 растайтын симптом болса, басқалардан оқшауланып, дәрігерді үйге шақырған дұрыс және қандай жағдай болсын өзін-өзі емдеуге болмайды деп кеңес берді.