Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

ДДСҰ COVID-19 вакцинасын әзірлегені үшін Ресейге алғыс білдірді

Сурет: Andrew Brookes/Getty Images

Бұл туралы ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашкомен өткен келіссөзден кейін мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

— ДДҰ Ресей Федерациясының коронавирусқа қарсы вакцинаны, атап айтқанда «Спутник V» әзірлеудегі күш-жігерін жоғары бағалайды», — деді ол. — Министрге қауіпсіз әрі тиімді вакцинаны әзірлеудегі кезең-кезеңмен жасалған қадамдар үшін тағы да алғысымды білдіргім келеді.

Оның айтуынша, министрмен кездесуде  вакцинацияның жалпы мәселелері талқыланды.

— Ресей жаһандық ынтымақтастық танытып,   өңірлік директор ретінде маған Орталық Азия елдеріне қолдау көрсетуге көмектесті, — деп толықтырды Клюге.

Ол сондай-ақ Ресей үкіметі Денсаулық сақтау қызметкерлері мен халықтың ең осал топтарына қолдау көрсету мәселелеріне көп көңіл бөлгенін атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз