ДДҰ ұсынысы бойынша Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігі дезинфекциялық туннельдерді пайдалануға тыйым салды.
Кез келген химиялық затты дұрыс қолданбау уақыт өте келе аллергиялық реакцияны тудыруы мүмкін және жоғарғы тыныс жолдарының жеңіл қызаруынан күйікке дейінгі асқынуға әкелуі мүмкін. Бұл кейіннен аллергиялық ринит, конъюнктивит, бронхит және тіпті бронх демікпесінің дамуына әкелуі мүмкін.
Қазақстанда коронавирус пандемиясы басталғаннан бері адамдар көп жиналатын жерлерде, сауда орталықтары мен базарлардың кіреберістерінде дезинфекциялық туннельдер белсенді қолданылады.