Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Зейнетақы жинақтарынан ақша шешіп алу — әдейі тықпалап отырған бомба

246
Айдархан Құсайынов

Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауында ұлттық табыстың өсуінен пайданы бөлуге және тиімді әлеуметтік лифтілерге қоғамдық сұранысты күшейтудің рөлін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа экономикалық бағыттың негізгі жеті қағидатын анықтады:

  • табыс пен міндеттердің әділ бөлінуі
  • жеке кәсіпкерліктің жетекші рөл атқаруы
  • әділ бәсекелестік, кәсіпкерліктің жаңа буынына нарықтардың ашық болуы
  • өнімділіктің өсімі, экономиканың күрделілігі мен технологиялық тиімділігінің артуы
  • адами капиталды дамыту, білім берудің жаңа түріне инвестиция салу
  • жасыл экономиканы пайдалану, қоршаған ортаны қорғау
  • мемлекеттің негізі бар шешімдерді қабылдауы және сол үшін қоғам алдындағы жауапкершілік алуы

Үкіметтің кеңейтілген отырысында 2020 жылғы 10 шілдеде Жолдау жасайтынын жариялай отырып, мемлекет басшысы экономикалық өрлеуге көмектесетін жаңа шаралар қабылдауға уәде берді. Экономист Айдархан Құсайынов президенттің айтқандарының қаншалықты орындалатынын айтты.

Ұмтылған дүниелерді қайталау

— Айдархан, президент белгілеген жаңа экономикалық бағытты талдайтын болсақ жеті қағидаттың қайсысы елді өсуге жетелейді? Жолдаудан экономист ретінде не күттіңіз?

— Мен  жаңа траектория мен экономикадағы түбегейлі жаңа тәсілдерді күттім. Бірақ ондай ештеңе естілмеді. Біз естігендердің бәрі — экономикалық бағытқа да, экономикалық саясатқа да қатысы жоқ айқын труизм.

Басымдықтар бойынша қарастырайық.

Мысалы, 2 қағидат — жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі. Біз 30 жыл құрған нарықтық экономикада бұл туралы күтпеген жерден айтылды деуге келмейді

Бізде жұмыспен қамтылғандардың 30%-дан астамы жеке кәсіпкерлер. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар да бар. Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы жұмыс істейді. Енді президенттің айтуынша, жеке кәсіпкерлік жетекші рөлді атқаруы керек екен.

Горбачев қайта құру кезеңінде кооперативтерге рұқсат берген кезде, бұл күтпеген жағдай және жаңа экономикалық бағыт болды. Ленин жаңа экономикалық саясатында жеке кәсіпкерлікке рұқсат берген кезде — бұл да жаңа болды. Бірақ нарықтық экономиканың 30-шы жылында бұл туралы сөз қозғау мүлдем дұрыс емес.

— Ал сіз адал бәсекелестік пен кәсіпкерлердің жаңа буынына нарықта жағдай жасауға қалай қарайсыз?

— Бұл да күтпеген ұсыныс! 30 жыл ішінде біз  жеке кәсіпкерлікке, адал бәселекестікке негізделген нарықтық экономика құрдық.

Егер мұндай мәселелер президенттің Жолдауында көтерілсе, онда біз 30 жыл бойы не жұмыс атқардық?

Карантин және мемлекет

— Бұл Президенттің экономикалық саясат бойынша ақылды командасының жоқ екенін дәлелдей ме?

— Дәл солай. Жолдаудың экономикалық блогы экономикада қандай шаралар атқару керегін және одан ары қалай даму керектігін түсінбеушілік бар екенін көрсетеді. Мәселен 5-6 басымдықтарға назар аударатын болсақ, адами капиталды және «жасыл» экономиканы дамыту әдеттегі мәселелер.

Менің ойымша, өте керемет жалғыз жаңалық — табыс пен міндеттердің әділ бөлінуіне қатысты алғашқы қағида

Барлығына талдау жасасақ, басты басымдық әдеттегідей экономикалық өсуге бағытталмағанын көреміз.

— Президент құруды тапсырған Ұлттық Банк жанындағы ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет қандай рөл атқарады?

— Ешқандай. Ол Ұлттық Банктің реттеуші ретіндегі бағамын өзгертпейді. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай институттар ешқашан жұмыс істемейді.

— Президент оған тәуелсіз сарапшылар мен қоғамшылдар кіреді деп уәде етті. Бұл мәжілістен тыс шешім қабылдауды білдірмей ме?

— Онда тұрған не бар? Бұл әлеуметтік-экономикалық реформаларды бақылайтын алғашқы құрылым емес. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі бар. Бұл консультативтік-кеңесші орган жарты жылда қандай нәтиже көрсетті? Әсіресе бірнеше карантиннен кейін неге қол жеткіздік. Әкімдіктер жанындағы қоғамдық кеңестер ғана көзге түсті. Өйткені, карантин әрқашан әлеуметтік мәселе, бұл адамдардың өмірі. Ал әкімдіктер жанындағы қоғамдық кеңестер нақты шаруаларды атқара алады.

Бұл әрқашан адамдардың ішкі әл-ауқаты, олардың қозғалыс еркіндігі мен белсенділігі мен мемлекеттің осы әл-ауқатты жақсартуға деген қамқорлығы арасындағы тепе-теңдік

Сондықтан Ұлттық Банктің жаңа комитеті кезекті комитет. Өткен бір жарым жыл ішінде әлеуметтік-экономикалық көріністі жақсартуға қатысты менің үмітімнің бәрі ақталмады.

Реттеуші несие беруде алға шықты

— Ұлттық Банктің іс-әрекетінде түбегейлі жаңа нәрсе бола ма? Мысалы, курсты  қолмен реттеуді тоқтату?

— Болмайды. Оның себебі қарапайым. Тіпті бүгін де Ұлттық Банк келесі жылдың наурыз айына дейін ШОБ кредиттерін 200 млрд теңгеге субсидиялайды деген ой айтылды. Реттеуші жеңілдетілген несиелер береді, бұл нонсенс. Бұл априори дұрыс емес.

— Сіз зардап шеккен салаларға көмектесу және аяқтарыңызға қою керек деген пікірмен келіспейсіз бе?

— Біріншіден, оларды аяққа қоюдың қажеті жоқ. Екіншіден, бұны Ұлттық банк артқармауы керек

Ұлттық банк бұл нарықтағы жағдайлардың теңдігі мен базалық мөлшерлемені қадағалайтын реттеуші. Нарықта ол үшін бәрі тең

Ал реттеушінің базалық мөлшерлемені басқара отырып, жеңілдетілген несиелер бере бастауы қалыпты емес.

— Мәселе жаңа несиелер туралы емес, қолданыстағы несиелер туралы болып отыр.

— Қандай айырмашылық бар? Ол өзінің міндетіне кірмейтін салаларды субсидиялауда.

— Демек, бұл іспен реттеуші айналысса, президенттің банк жүйесіне қысым жасайтын тетіктері жоқ дегенді білдіре ме?

— Олай емес. Егер мемлекет шағын және орта бизнеске көмектескісі келсе, көмектессін. Бірақ оның бәрі бюджет арқылы болуы керек.

Оны үкімет жасауы керек. Реттеуші үкіметке де, дағдарысқа да тәуелді емес

Бүкіл әлемдегі тәуелсіз орталық банктердің мәні мүлдем бөлек. Олардың төрағаларының өкілеттік мерзімі ешкімнің де, үкіметтің де, президенттің де өкілеттіктерімен сәйкес келмейді. Олар саясаттан тыс.

БЗЖҚ-дан мерзімінен бұрын ақша алу

— Президент 2021 жылы БЖЗҚ-ның 700 мыңға жуық салымшысы жинақтардың бір бөлігін алып,  тұрғын үй мен емделуге жұмсай алатынын мәлімдеді.

Ол популизм демократияның басты жауы екенін айтты. Алайда  БЖЗҚ-дағы жинақтардан мерзімінен бұрын ақша алуға рұқсат  беру тікелей популизм. Біз тіпті осы идеяның авторларын білеміз. Олар, шын мәнінде, түрлі идеяларды тықпалап, елді осы жағдайға алып келді.

— Егер 700 мың адам жинақтарынан мерзімінен бұрын ақша шешіп алса, бұл экономикаға қалай әсер етеді?

— Макроэкономикаға әсер етпейді. Біріншіден, 700 мың адамның бәрі бірдей ақша алуға тырыспайды.  Екіншіден, БЖЗҚ бұдан кедейленіп қалмайды. Ал

бұл шешім зейнетақымен қамсыздандыру қағидатын және БЖЗҚ-ның қартайған шаққа қаржы жинаудағы міндетінен алшақтатады

Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу тарихындағы ең қауіпті нәрсе — жүйе негізделген принципті бұзу. Сондықтан олдаудан кейін қандай да бір үлкен өзгерістерді күтпеймін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз