Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-11
USD
499
0.00
EUR
520
0.00
RUB
4.85
0.00

Қазақстандағы этносаралық келісімнің құны қанша тұрады?

144
Данияр Әшімбаев. Сурет: voxpopuli.kz

15 тамызда Үкімет «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» ЖШС-ға, «Этносаралық қатынастар саласындағы қолданбалы этносаяси зерттеулер мен іс-шараларды жүргізу жөніндегі қызметтерге» 373,8 млн теңге бөлу туралы қаулы қабылдады.  «Н. Назарбаевтың конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі орталығы» КЕАҚ «Қазақстанды конфессияаралық және өркениетаралық диалогты қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық орталықтардың бірі ретінде ілгерілету жөніндегі қызметтерге» 470,6 млн алды.

«Қазақ әуендері» АҚ бюджеттен «Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін іс-шараларға» 2,9 млрд теңге алады. Онда салтанатты концерттер, мерекелік іс-шаралар, фестивальдар мен конкурстар бар. Сондай-ақ «Рухани жаңғыру» мен«Ұлы даланың 7 қырын» пысықтайды.

Бірақ ақшаны мақсатты пайдаланылатынын қалай тексеруге болады? Идеологиялық жұмысты қолмен сезіну мүмкін емес. Саясаттанушы Данияр Әшімбаев этносаралық және идеологиялық мәселелермен айналысу керек деп санайды. Бірақ бұл асығыс емес, жүйелі түрде қолға алынатын шаруа. Оны кәсіпқойлардың қолына берген дұрыс.

Жаңа ескі міндеттер

Сіз Қордай оқиғаларына дейін де мемлекеттің әлеуетті «түйіткілді» нүктелерде алдын алу шараларын мониторингтеу, талдау және қабылдаудың қаншалықты маңызды екенін бірнеше рет атап өттіңіз. Сіздің ұсыныстарыңызды билік шынымен есті ме?

— Былтырғы оқиғалардан кейін бұл тақырып бұрынғыдан бетер өзекті бола түсті. Проблемалардың әрдайым бар екені түсінікті. Егер сіз оған мемлекеттік аппараттың құрылымы тұрғысынан қарасаңыз, жауапкершіліктің төмендегені анық.

Біз жергілікті деңгейдегі қақтығыстарды бірнеше рет көрдік. Бұл бір жерде көлеңкелі ықпал ету салаларын қайта бөлу мәселелерімен, бір жерде этникалық қылмыспен байланысты. Мысалы, Қордайдағы тәртіпсіздікке көлеңкелі кедендік ағындардың бөлінуі ықпал етті. Ал құқық қорғау органдары көлеңкелі бизнестің көптеген түріне өте жылы көзбен қарайды. Олардың бұл үшін алғыссыз қалмайтыны түсінікті.

Ұлттық саясатта былық көп. Бір жағынан, барлық ұлт тең болатын азаматтық бірегейлігі бар мемлекет құрудамыз. Екінші жағынан, біреулерлің ұлттық-патриоттық тақырыптарды жиі көтеріп, жағдайды әдейі ушықтыратынын бақылаймыз. Осы уақытқа дейін мемлекетте ұлттық және азаматтық сәйкестік туарлы бірегей түсіністік болмады.  Зерттеу жұмыстарының бәрін осыдан және аналитикалық деңгейде бастау керек.

Өзіміздікілер пайда табатын орын

—  Бізде ондаған жыл бойы келе жатқан түрлі этнология және философия ғылыми-зерттеу институттары бар. Қазір біз олардың қатарынан жаңа атауларды көріп отырмыз.

Көптеген жыл бойы этникалық саясат мәселелері бойынша жаңа ұйымдар құру немесе барын қайта жандандыру ұсынылды. Білім министрлігінің ғылым комитетінде «Этнология тарихы институты» бар, онда тарих бар, ал этнология жоқ. Оның үстіне, тарихқа қатысты өкілеттіктің едәуір бөлігін басқа  — Мемлекет тарихы институт тартып алды.

Философия, саясаттану және дінтану институтынан ешқандай жаңалық жоқ, тек қызметкерлерінің ара-тұра қаржыландырудың тапшылығын айтып шағымданғанын естиміз.  Бірақ «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев атындағы орталық» пайда болды. Жақында, қандай да бір себептермен ЖШС форматында, Ақпарат министрлігінің жанында «Этникалық зерттеулер институты» құрылды. Әркімнің өз қаржысы бар. Алайда, бюджеттерді игеретін мамандардың құрамына қатысты менің қояр сұрақтарым бар.

Мысал ретінде Ұлттық экономика министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-ны келтірейін. Миллиардтаған қаржы бөлінеді, бірақ ұжым туралы ақпарат жоғалып кетті.

Алайда экономикалық саясат пен стратегияға жауапты қызметкерлердің кім барлығының да білгісі келеді

Бірнеше ай бұрын Экономикалық зерттеулер институтынан құжаттарды қабылдағаны үшін Ұлттық экономика министрлігі қызметкерлерінің бірінің пара алғанын еске түсірейік. Іс жабылды, бірақ түйіткілді мәселе сол күйінде қалды.

Министрлік жанындағы барлық ведомстволық зерттеу институттары олардың мүдделеріне қызмет етеді. Олар мемлекеттік сатып алу саласынан шығарылды. Ал ондаған, жүздеген миллион және тіпті миллиардтаған бюджеттік қаржы оларға үкіметтің жекелеген бюджеттік қаулыларымен бекітіледі.

Ақша тиісті қолда ма?

Салалар көбінесе бәсекеге қабілетті , олар ақшаны тиімді жұмсай алады.

Иә, аналитика деген Ұлттық ядролық орталық немесе ірі медициналық ҒЗИ түріндегі шартты монополистер емес.

Этносаралық зерттеулерге келетін болсақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының жанында «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі бар. Оның немен айналысатыны түсініксіз.

Жақында Ассамблеяға бөлінген қаржы көлемі жарияланды. Көріп отырғанымыздай, ақша нақты аналитикалық жұмысқа қарағанда мәдени іс-шара түріндегі насихаттау шараларына көбірек жұмсалған

Мысалы, әлеуметтік зерттеулер өте аз.

Қазір де солай. Алғашқы екі құрылымның бюджетінен аналитикалық тапсырмалардың аз екенін байқаймыз. Ал ақпараттық-насихаттық мақсаттағыларлы бірден көзге түседі. Біздің алдымызда көзге көрінетін нәтижесі жоқ, бірақ кез келген миллионды бөлуге болатын тамаша жүйе тұр.

— Бұл нәтижесін қолмен сезіну мүмкін емес патриотизмді қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға ұқсайды. Бюджет ақшасы талан-таражға салынатындай көрінеді. 

—Дәл солай. Тек идеологияда ғана емес, экономикада да осындай жағдай орын алған. Бұл зерттеулермен  түрлі квазимемлекеттік құрылымдар айналысып, миллиардтаған қаржы алады. Ал шын мәнінде күшті зерттеу орталықтарының әлеуеті іс жүзінде пайдаланылмайды.

Даудың соңы… популизмге ұласады

— Көбінесе жаңа ведомстволық ҒЗИ-лер биліктегілердің жақындарын жұмыс орындарымен қамту, орналастыру мақсатында құрылады.

Бір кездері мен де этникалық саясат бойынша кәсіби институт құру жөнінде ұсыныстар бердім. Белсенді пікірталастар болды, жұмыс тобы құрылып, бірнеше ай бойы тұжырымдаманы әзірледі.

Нәтижесінде сарапшылар қоғамдық негізде жұмыс істегені, ал барлық бюджет жаңа ЖШС-ға кеткені анықталды. Ол барлық жұмысты қайтадан бастады

Бұнда орынды сұрақ туындайды: егер мемлекетке білікті сарапшылар қажет болса, онда мемлекеттік саясатта шешім қабылдауға не және кім әсер етеді?  Бәрі қалыпты талқылаудан басталады, содан кейін әдеттегі ұрандар мен арзан ұлттық популизмге ұласады.

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты мен Назарбаев орталығының конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі міндеттеріне қарадым. Бақылау, талдау және басқа да таңқаларлық тұжырымдар бар. Бірақ біз этносаралық індеттер әлеуметтік желілерде емес, этностар жинақы тұратын жерлерде пайда болатынын білеміз. Тағы да барлығы қисынсыздау болып тұр.

Жергілікті жерлерде әкімдіктер мен ҰҚК органдары жұмыс істеуі тиіс. Кей жерде полиция бөлімшелері мен прокуратура болуы керек. Мұны үнемі және сауатты әдістемелік дайындықпен жүргізген жөн. Кеңес заманындағы коммунистік партия мен МҚК құрылымдары қалай этносаралық қақтығыстарды анықтап, жолын кесті?

Ол кезде Интернет болған жоқ.

Өйткені олар осы іспен айналысқысы келді және тиісті нәтиже көрсетті. Ал қазір барлық идеологиялық жұмысты қайта бастау керек. Ал бюджетті игергенімен кедейлік ешқайда кетпесе, кедейлікпен күресу үшін үш ғылыми-зерттеу институты мен екі мемлекеттік компания құрғанның не пайдасы бар?

Этникааралық келісім тақырыбын туралы аузы бардың бәрі пікір білдіреді. Бірақ жан-жақты зерттеу туралы сөз қозғалса болды,  этнологтары жоқ деген сылтау басталады

Көрші елдерден мамандарды тартайық. Әйтпесе, қандай да бір кәсіби емес әуесқойлық пайда болады. Бұл біздің үнемі қолданатын тәжірибемізге айналды.

Бюджетке қатысты соңғы жаңалықтарға келетін болсақ, менде әлі кімнің және немен айналысатыны туралы нақты көрініс жоқ. Бұл жағдайда Ассамблея алдында қандай міндеттер тұр, оның мәртебесі тіпті толық жазылмаған. Президент Әкімшілігінде ұлтаралық қатынастар бөлімін құру оңайырақ болатын сияқты. Ол осы салада жұмыс істейтын әдістемені құрар еді.

— Егер Қазақстандағы этносаралық қақтығыстардың көпшілігі көлеңкелі салалардың қайта бөлінуінің салдары болса, философтарды емес, әскери күштерді қосу керек шығар?

—  Этникалық қылмыс туралы сөз болғанда. Мұндай топтар тарихи және мәдени аспектілерге байланысты басқалардан бөлек тұрады. Әрине, осыған байланысты барлық мәселелер қауіпсіздік күштеріне қатысты. Екінші жағынан, қоғамға тәртіпсіздіктердің нақты себептері туралы дұрыс ақпарат беру де маңызды міндет.

Біз Қордай оқиғасы кезінде депутаттың сол жерге барып, барлық қауесеттер мен өсек-аяңдарды жинап, оларды Интернетке шығарғанын көрдік

Ақыр соңында дүнгендерге қатысты айыптауға дүнгендердің өздері кінәлі болып щықты. Ал көлеңкелі компонентті ешкім анықтап, жай-жапсарына барғысы келмеді.

Бұндай түйіткілді тақырыпта кез келген процестерді ұлттық негізде саясаттандыру маңызды рөл атқарады. Кезінде үкімет оралмандарды халық жетіспейтін өңірлерге орналастыруды ұсынған кезде, бірден «барлық жерде өмір сүрсін!» деген шу шықты:

«Патриоттық» ақыл-ойы бар адамдар ішкі көші-қон проблемаларына аз алаңдайды, олар әрқашан толқында

Әсіресе, барлық азаматтарға тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз ету қажеттілігі туралы әңгіме болғанда бұл тақырып бұрынғыдан да өзектірек. Бұл этникалық саясаттың мәдениеті, біз көріп отырғанымыздай, жоқ. Сондықтан неден бастау керек екені түсінікті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз