Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Пандемиядан кейінгі әлем қандай болады? Жаһандық экономикаға арналған болжам

487

2020 жылғы дағдарыс тарихтағы ең ерекше дағдарыс болды, деп жазды профессор Марат Шайхутдинов «Астана» халықаралық ғылыми кешенінің ресми сайтында жарияланған жұмысында. Оқиғалардың одан әрі дамуына қатысты бірыңғай болжамдар әлі күнге дейін жасалмады. Коронавирус жағдайды едәуір ушықтырды: карантиннің шектеу шараларына байланысты миллиондаған адам жұмысынан айырылып, мыңдаған кәсіпорын жабылуы мүмкін.

Алдыңғы дағдарыстан сабақ ала алмадық

Шайхутдинов қазіргі дағдарыстың басты белгілерін атады:

  • «алапат дауыл» (COVID-19 пандемиясы мен әлемдік мұнай бағасының құлдырауымен бірге келді)
  • әлемдік өндірістік және сауда тізбектерін тоқтата тұру
  • әуе тасымалының құлдырауы
  • қызмет көрсету саласын қысқарту
  • өнеркәсіп тарапынан тұтынушылық сұраныс пен ұсыныстың құлдырауы
  • жұмыссыздықтың өсуі және т. б.

Сонымен бірге геосаяси жағдай шиеленісіп кетті.

Теріс факторлардың қатарында стратегиялық қару-жарақты халықаралық бақылау жүйесінің тозуы, америка мен қытай арасындағы шиеленістің артуы, Таяу Шығыстағы жергілікті қақтығыстар және т. б. атауға болады.

—  Адамзат 2007-2009 жылдардағы дағдарыстан тиісті сабақ алған жоқ және 2020 жылғы қаржы-экономикалық дағдарысқа мүлдем дайын болмады деп айтуға болады, бұл оның қауіпін арттырады, —дейді Шайхутдинов.

Жаһандық экономика мен сауда құлдырауға ұшырады. ДСҰ бағалауы бойынша, 2020 жылдың екінші тоқсанында

әлемдік тауар айналымы 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,5%-ға төмендеген

Жыл қорытындысы бойынша ол шамамен 32%-ға жетуі мүмкін. Бұл бақылау жүргізген тарихтағы антирекорд.

Тек АҚШ-та II тоқсанда ЖІӨ жылдық көріністе 32,9%-ға төмендеді (сауда министрлігінің деректері). Бұндай көрсеткіш тіпті ұлы депрессияда кезінде де  болған жоқ.

Мыңдаған кәсіпорын банкрот болуы мүмкін

— Еуропалық Одақ экономикасы 2019 жылдың аяғынан бастап құлдырауда. 2020 жылдың II тоқсанында Еуроодақтың ЖІӨ 2019 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда жылдық мәнде рекордтық 14,4%-ға төмендеді, — деп атап өтті Шайхутдинов.

Нәтижесінде:

  • неміс экономикасы 2011жылдағы деңгейіне,
  • испан – 2002 жылғы деңгейге,
  • итальялықтар  – 1990 жылдардың басындағы көрсеткіштерге оралды.

2020 жылдың бірінші тоқсанында Қытайдың ЖІӨ жылдық көріністе 6,8%-ға төмендеді, бірақ екінші кезеңде экономиканың өсуі 3,2%-ды құрады. Бұл сарапшылардың күткенінен жақсы. Автор бұл елдің ЖІӨ-сі пандемияға дейін де біртіндеп төмендегенін атап өтті.

Сарапшылар: коронавирус миллиондаған адамның өмірін жалмап, әлем экономикасына $9 трлн шығын келтіреді

2020 жылғы қаңтар-мамыр қорытындылары бойынша Ресей Федерациясы кәсіпорындарының 36%-ы шығынға ұшырады. ЖІӨ көлемі долларлық мәнде 2010 жылғы деңгейге оралды. Кәсіпкерлік табыс 20 жылдық минимумға төмендеді.

Ресейлік статистикалық комитеттің мәліметінше, маусым айында жұмыссыз адамдардың саны 4,6 миллионға жетті (бұл экономикалық белсенді халықтың 6,2%), дегенмен Ресей Еңбек конфедерациясы жұмыссыздардың нақты саны 8 миллион деп бағалап отыр.

Жалпы, Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) бағалауы бойынша),

пандемия мен карантин шараларының жиынтық шығыны жаһандық еңбек нарығына 400 миллион жұмыс орнын жоғалтуы мүмкін

Бұл дамушы елдер үшін де, дамыған елдерде үшін де әлеуметтік-саяси көтеріліс қаупін төндіреді.

Экономиканың қалпына келуін тездетуге тырысып, ел үкіметтері ауқымды сандық жұмсарту бағдарламаларын қабылдады.

Дағдарысқа қарсы қолдау көлемі:

  • АҚШ-та ЖІӨ-нің 45,6%-ы,
  • Ұлыбритания — 30,9%,
  • Германия — 35,4%,
  • Франция – 19%,
  • Италия — ЖІӨ-нің 54,6%.

— Ресей экономикасын қалпына келтіруде экономистер мен оппозициялық саясаткерлердің ұсыныстары қайшы келуде, 2020-2021 жылдары 4-5 трлн рубль бөлінді (ЖІӨ-нің 3,4—3,5%), бұл дағдарыс салдарынан табыс көздерін жоғалтқан қарапайым Ресей азаматтарының қажеттіліктеріне тең келмейді, —дейді автор.

Сонымен қатар, кейбір сарапшылар жетекші мемлекеттердің орталық банктері қабылдаған экономиканы қолдау бағдарламалары инфляцияның өсуіне және ұлттық валюталардың девальвациясына алып келеді деп ескертеді. Bloomberg сарапшылары орталық банктердің көмегі бизнеске төнетін экономикалық күйзеліс қаупін арттырады деп болжайды.

Қаржылық көмек тоқтатылғаннан кейін мыңдаған кәсіпорындар банкроттыққа ұшырауы мүмкін.

Құлдыраудан тез арада шығу мүмкін емес

Сарапшылар мемлекеттік ғана емес, сонымен бірге әлемдік корпоративтік қарыздың тез өсу мүмкін деп болжап отыр. ХВҚ жалпы мемлекеттік қарыздың ЖІӨ-ге қатынасы 2020 жылы 101,5% жетеді дейді.

Бұл екінші дүниежүзілік соғыстың қарыздарынан асып түскен тарихтағы ең жоғары көрсеткіш

100-ден астам ел ХВҚ-дан көмек сұрады, ал несиелер әдеттегіден гөрі жедел және либералды шарттармен жасалуда. Бірақ ХВҚ  дефолт және дефолт жағдайындағы елдерге несие бере алмайды.

2020 жылы әлемдік корпоративтік қарыз 12%-ға өсіп, $9,3 трлн-ға жетуі мүмкін.

Бірқатар компаниялардың қарызы кейбір мемлекеттердің ұқсас көрсеткіштерімен шамалас болады.

Мәселе пайда табу туралы емес, капиталды сақтау және балансты нығайту туралы болып отыр.

— Халықаралық сарапшылардың пікірінше, әлемдік экономикалық рецессиядан жылдам шығу екіталай. Сонымен, Fitch агенттігі дамыған елдердің ЖІӨ 2025 жылға қарай COVID-19-ға дейінгі болжамдардан 3-4%-ға төмен болатынын болжады, — деп жазды сарапшы.

Бұған дейін ХВҚ басшысы Кристалина Георгиева

пандемияның екінші толқыны қосымша асқынулар әкеледі

деп ескерткен еді. Кейбір сарапшылар бұл жағдайда

әлемдік сауда тағы 6%-ға төмендеуі мүмкін, ал әлемдік ЖІӨ өсімі базалық сценарийге қарағанда 5%-ға төмен болады дейді

Экономистер арасында пандемиядан кейінгі жаһандық экономиканың перспективалары туралы бірыңғай пікір қалыптаспаған.

 «Қашықтан жұмыс істеудің» айтарлықтай кемшілігі бар

—Пандемиядан кейінгі дәуірдің маңызды трендтерінің бірі әлемдік экономика мен қаржыны жедел цифрландыру болатыны сөзсіз.

Қуатты IT-инфрақұрылымы жоқ  көптеген ел өркениеттің шетінде қалуы мүмкін,

сондықтан олар осы бағытта белсенді шаралар қабылдауда , — деп атап өтті Шайхутдинов.

Бұдан әрі сарапшы қашықтан жұмыс істеу және оқу тәжірибесі кеңінен таралып жатқанын атап өтті. Бұл модель пандемия аяқталғаннан кейін де сақталуы мүмкін. Бірақ оның кемшіліктері бар.

— Microsoft зерттеуі қашықтан жұмыс қызметкерлердің жүктемесін күрт арттырғанын көрсетті. Виртуалды кездесулер саны кеңсемен салыстырғанда 10%-ға, жеке кездесулер саны 22%-ға, мессенджерлер арқылы байланыс көлемі 115%-ға көбейді. Business Facilities мәліметтері бойынша, америкалықтардың жұмыс күні 40%-ға немесе 3 сағатқа артты. Қазақстандық сарапшылар алыстағы жұмыс — бұл компанияның әлеуметтік жауапкершілігі екенін айтады, — деп жазады автор.

Көмек беріп, жаңа проблемаларға тап болдық

Сарапшылардың бір бөлігі әлемдік экономика бірқатар макроөңірлерге ыдырауы мүмкін деп болжайды.

Коронавирус пандемиясы жаһандық саясатқа үлкен өзгерістер енгізеді

— Деглобализация алдағы бірнеше жылда жаңа әлемдік трендке айналады. Өз экономикасы үшін өмірлік маңызы бар тізбектерді ішінара оқшаулау және бақылау міндеттерін шеше алмайтын мемлекеттер жақын болашақта жаңа дағдарысқа ұшырайды.

Қазірдің өзінде бар әлемдік экономикалық, қаржылық және технологиялық және ақпараттық жүйелердің бірқатар маңызды тораптарын бақылайтын мемлекеттер осындай макроөңірлердің кристалдану орталықтарына айналады.

Есеп айырыса алатын және белгілі бір қаржылық тәуелсіздікті, оның ішінде аймақтық нарықтардың доллар өтімділігінің проблемаларына сезімталдығын сақтай алатын аймақтық төлем жүйелерін құру қажет екенін көрсетті, — деп автор болжамдардың мазмұнын қысқаша сипаттады.

Жалпы алғанда, әлемдік экономика рецессия мен қалпына келтіру арасында әлі де өзгеріп отырады. Көптеген елдің билігі бизнесті қолдау немесе табыс көздерін жоғалтқан адамдарды қолдаудың арасында таңдау жасап, әлекке түсуде.

Алайда мұндай

қолдау жаңа инфляция, девальвация, мемлекеттік және корпоративтік қарыздың өсуі секілді проблемалардың пайда болуына ықпал етеді

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз