Аустралиядағы Ұлттық университет ғалымдары (ANU) Covid-19 вирусы әлем экономикасына 7 түрлі жолмен ықпал етуі мүмкін дейді. Бұл коронавирустың әсері туралы жүргізілген алғашқы ауқымды және жаһандық бағалау.
Вирус негізінен алғанда Қытай аумағында қалатын болса, үш сценарий әлемдік экономикаға әсер етеді. Төрт сценарий Covid-19 вирусының басқа елдерге әсерін зерттейді. Соның ішінде жетінші сценарий вирустың жаһандық деңгейдегі әсеріне қатысты.
Салдары аса ауыр болмайды дегеннің өзінде әлемдік ЖІӨ-нің шығыны 2,4 трлн АҚШ долларын құрайды.
Вирустың кесірінен 15 млн адам қаза болады. Проблема күрделі болған сайын шығындар да күрт артып, әлемдік ЖІӨ-нің ең жоғарғы шығына 9 трлн АҚШ долларына жетеді.
Барлық сценарий аурудың таралуын жақын арада тоқтатар болсақ та, әлемдік экономикаға айтарлықтай ықпал ететінін көрсетіп отыр. Ғалымдар экономикалық шығынның ауқымы туралы ақпарат бере отырып, оларды қысқартуға болады дейді.
Ол үшін барлық елдегі денсаулық сақтау жүйесіне инвестициялау қажет
Бұл әсіресе денсаулық сақтау саласы нашар дамыған, халқы тығыз орналасқан мемлекеттерге қатысты.
Ғалымдар:
«Өзара тағыз байланыс орнаған әлемде ауру тарала бастаған кездің өзінде оның салдары қандай болатыны белгілі болды. Өндірістегі кідірістерге байланысты Қытай экономикасының дамуының баяулауы жеткізілімдердің әлемдік тізбегін бұзды.
Қытай өнімдеріне тәуелді әлемдегі компаниялар өндірісін қысқартуға мәжбүр болды. Елдер арасындағы қозғалысты шектеу туризмнен басқа да салаларға әсер етіп, жаһандық экономиканың өсінуін баяулатты.
Ең бастысы тұтынушылардың арасындағы дүрбелең қалыпты моделдерді бұрмалап, нарықта ауытқулар туындатты
Қазіргі уақытта кез келген сценарий бойынша жасалған болжамдар толықтай жүзеге асады деп айта алмаймыз дейді ғалымдар. Алайда қазірден бастап саяси және экономикалық шаралар қолданылуы керек деп ескертеді.
Нақты айтқанда, жақын арада
Осындай аурулардың қауіп-қатеріне қарамастан, ел үкіметтері денсаулық сақтау саласына қаржы бөлуге асыққан жоқ.
Тәжірибе көрсеткендей, дамыған елдердің шекараны жабуы COVID-19 вирусының ел ішіне енуінен сақтай алмады. Сондықтан, әсіресе қоғамдық денсаулық сақтау саласында жаһандық серіктестік орнату экономикалық даму және осы тектес аурулардың таралуының алдын алады.
«Денсаулық сақтау саласындағы мамандар экономикалық дамуда өмір сүру сапасын арттырудың маңызы туралы бұрыннан бері айтып келе жатыр. Алайда саясаткерлер ғылыми дәлелдерді елемейді», — дейді зерттеу авторлары.