Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Қазақстанның бизнесінің үштен бірі әлі күнге жұмыс істеу және қызметкерлерін асырау мүмкіндігінен айырылған

166
Сурет: inbusiness.kz

19 тамызда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының елордалық бөлімшесі бизнеске бұрынғы деңгейге дейін қалпына келуге екі жыл уақыт кететінін мәлімдеді.

«Қашан толығымен оңалатынын болжау қиын… бұрынғы деңгейге оралып, экономика мен бизнестің қалпына келуі үшін кем дегенде екі жыл қажет болады деп ойлаймыз. Бірақ бәрі эпидемиологиялық жағдайға байланысты», — деді Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Нұрлан Қайыршин.

Республикалық палата бұған қарамастан жалпы ел бойынша шамалап болжам жасады.

Әр аймақтың жағдайы бөлек

— Біздің деректеріміз болжаммен жасалған, өйткені, біріншіден, экономиканың көлеңкелі учаскелері бар, — дейді «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев. — Адамдар барлық жерде ресми түрде жұмысқа орналаса бермейді, яғни жұмыс істеді, кейін табысын жоғалтты. Екіншіден, санитарлық талаптар әр аймақта әртүрлі. Республикалық санитарлық дәрігер анықтайтын ең төменгі деңгей бар.

Әрбір аймақтағы санитарлық дәрігердің эпиджағдайға байланысты талаптарды қатайту тетіктері бар

Санитарлық нормалардың айырмашылығына қарай табысын жоғалтқан және жұмысы тоқтаған кәсіпорындардың саны бойынша жалпы мәлімет қалыптасты.

Олжас Ордабаев, сурет: atameken.kz

— Сіздің астаналық Кәсіпкерлер палатасындағы әріптесіңіз Бизнестің бұрынғы көрсеткіштерін қалпына келтіруге екі жыл уақыт кететінін айтты.

— Мен мұндай болжамдардарды жасауға асықпаймын. Бізде нақты жауап жоқ, өйткені байыпты экономикалық зерттеу қажет. Астаналық палатадағы әріптестеріміздің айтқан болжамын бүкіл ел аумағымен байланыстырмас едім.  Әзірге мұндай болжамдарға қолымыз жеткен жоқ. Барлығын жедел мәселелер шешеді.

Тыйым салынды, бірақ жәрдемақы берілмейді?

— Карантиннің кейбір шектеулерінің жеңілдетілгеніне қарамастан, кейбір салалардың жұмысына әлі де тыйым салынды. 42 500-де жәрдемақы берілмейді деген әңгіме айтылуда.

— Біз Еңбек министрлігінің бұл ұстанымымен толық келіспейміз. Карантиннің жеңілдету шараларынан тыс қалған адамдардың өмірі өзгермеді және қосымша табысы пайда болған жоқ. Көптеген адамдар «тойхана» саласында еңбек етті. Бұл бизнес адамдарға қандай  да болсын табыс әкеліп тұрды. Кафелерге 30 адамға дейін жұмыс істеуге рұқсат етілгенмен, кәсіпкерлер пайда таппай отыр. Сондықтан оларды 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыдан айыру дұрыс емес. Келесі салалардың қызметіне әлі де  тыйым салынған:

  • ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік, салтанатты және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізу;
  • барлардың, түнгі және ойын клубтарының, караоке, фудкорттардың, кинотеатрлардың және балалар мен ересектерге арналған басқа да ойын-сауық орындарының жұмысы;
  • мәдениет объектілерінің, мұражайлардың қызметі, конференциялар, көрмелер, форумдар өткізу;
  • бассейндер, қалалық және қоғамдық жағажайлар, ашық аквапарктер жұмысына;
  • діни нысандардың жұмысына;
  • қала маңындағы жолаушылар пойыздарының/электр пойыздарының қозғалысы, жұмыс пойыздарын, қалааралық автобустарды/шағын автобустарды қоспағанда, ортақ вагондарды қалыптастыру.

Осы сала қызметкерлері бұрынғысынша мемлекеттің көмегіне мұқтаж. Бұл жерде бізде Еңбек министрлігімен келіспеушілік бар.

Зейнетақы салымдары — лакмус қағазы

— Сіздер елімізде кәсіпкерлік саласында еңбек еткен қанша адам карантин кезінде табыссыз қалғанын есептедіңіздер ме?

Төтенше жағдай кезінде зардап шеккен салаларға жүргізген біздің маусымдық талдау көрсеткендей

оларда 830 мыңнан астам субъект жұмыс істейді. Олардың көбі жеке кәсіпкерлер. Алайда олар шамамен 1,3 млн адамды жұмыспен қамтып келген

17 тамыздағы талдау  267 877 кәсіпорынның жұмысына шектеу қойылғанын көрсетті. ТЖ режимі енгізілгенге дейін кәсіпорындарда  668 638 адам етті. Ақпан айында осынша адамға зейнетақы жарналары аударылды. Шілде айында  тек 11 708 қызметкерге төлем ауларылған, бұл 2%-ды ғана құрайды.

Зейнетақы төлемдерінің төмендеуінің екі себебі бар:

  • еңбекақы төлеу қорынан салықтар мен әлеуметтік төлемдер бойынша нөлдік ставканы белгілеу;
  • қызметке тыйым салу немесе шектеулер енгізілгендіктен қызметкерлердің демалыста болуы.

Егер ағымдағы талдау нәтижелерін маусым айымен салыстыратын болсақ, бизнес субъектілерінің 32%-ы және қызметкерлердің 20%-ы шектеудің себебінен жұмыс істей алмай отыр.

— 17 тамыздағы жеңілдіктер жағдайды қаншалықты өзгертті?

—Жалпы статистика жағдайдың әртүрлі екенін көрсетеді. Карантинде толығымен тыйым салынған бизнес  пен жұмысына шектеу қойылған адамдар бар. Қазір олардың да жағдайы мәз емес.

 36 337 кәсіпорынға (13,6%) толық тыйым салынды. ТЖ режиміне дейін оларда 297 495 адам (44,4%) жұмыс істеді

Шілде айында зейнетақы жарналары 3 175 адамға, яғни 1,1%-ға аударылды.

231 540 кәсіпорынға (86,4%) Ішінара тыйым салынған. ТЖ режиміне дейін оларда 371 143 адам (55,5%) жұмыс істеді. Шілде айында зейнетақы аударымдары 8 533 адамға ғана жасалды (2,3%).

Шын мәнісінде табысынан айырлығандардың саны бұдан да көп. Біз зейнетақы жарналарын төлегендерді ғана айтып отырмыз. Олар ресми түрде жұмыс істейтін қызметкерлер. Ал жалақысын конверттермен алатындардың саны туралы айта да алмаймыз. Алдағы уақытта қанша кәсіпорынның жабылып,  олардың қызметкерлері жоғалтқан табыс көлемін есептейміз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз