Ресей бұл бастаманы енгізу алдында тұр, үкімет Бюджет және Азаматтық кодекстерге енгізілетін түзетулер жобасын қарастыруда. Қазақстан да осындай шараны қабылдай ма?
зейнетақы қорының бюджетіне енді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес барысында тәркіленген барлық мүлік аударылады
Бұнымен тоқтаған жоқ. Енді Ресей Қаржы министрлігі ұсынған түзетулер заңнамаға енгізілсе, ресейліктердің заңдылығын дәлелдеу мүмкін емес жинақтары зейнетақы қорына алынады.
Қазақстан үкіметі де осындай идеяларды қабылдауы мүмкін бе, анықтап көрдік. Қазақстандық салық кеңесшілері қауымдастығының басқарма төрағасы Сәкен Карин елімізде азаматтардың көлеңкелі табыстарына қарсы қандай күрес жүргізілетіні туралы айтты.
— Жалпыға бірдей декларация енгізілгеннен кейін Ресейдегі жаңашылдықтар бізге де келуі мүмкін бе?
— Жалпыға бірдей декларациялау тұжырымдамасы бойынша барлығы декларация тапсыра бастайды және кірісін көрсетеді. Ал көрсетілмегендерін фискалдық органдар қадағалайтын болады. Өзінің табысын жасырған салық төлеушілер жауапкершілікке тартылатын болады. Қазір декларация тапсыратын санаттарға да осы талаптар қойылады. Бұл табысты мемлекет немесе зейнетақы қорының пайдасына тәркілеу туралы бірінші рет естіп тұрмын.
— Мәселен, адам табысын жасырды деп ойлайық. Оның бұл әрекеті белігілі болғанда қандай шара қолданылады? Егер ресейліктер осындай шара қабылдаса, біздің шенеуніктер де олардын үлгі алуы мүмкін ғой?
— Заң жүзінде түсіндірейін
заңсыз жолмен алынған ақша мемлекет бюджетіне аударылады
Мысалы, заңмен тыйым салынған қызметтен алынған табыс. Бірақ егер бұл қызмет заңды болса және алынған табыстан адам салық төлемеген немесе мемлекеттен кірісін жасырған болса, онда осы ақшадан салық ұсталып, айыппұл салынады.
— Ресейліктер ақшаның заңды жолмен табылғанын дәлелдеу мүмкін болмаса, оларды тартып алып, зейнетақы қорына ақша алмақшы. Егер бізде де ақшаның маңдай терімен, адал жолмен келгенін дәлелдеу мүмкін болмаса, бізде не болады?
— Егер адам қандай да бір қылмысқа қатысы бар деп күдік тудырмаса, ештеңе болмайды. Бұл ақшаны алуға заңды негіз жоқ.
Біздің меншігіміз тек сот шешімімен ғана алынады. Оның шығу тегі анықталмаған ақшаны алуға қандай құқығы бар?
Өйткені, бұл ақшаның ол адамға тиесілі емес екеніне біреу шағымдануы керек қой. Егер мемлекет тексеретін болса, алдымен ол адамның ақшаны мемлекеттен ұрлағанын дәлелдеуі керек. Олай болмаған жағдайда кінәсіздік презумпциясы іске қосылады.
Алайда, қолданыстағы заңнамада бір қызықты мәселе бар. Егер жеке тұлға өзінің шығындарын түсіндіре алмаса, оның кірісі ұлғайтылып, салық салынуы керек. Бірақ бұл норма жұмыс істемейді.
— Яғни, ресми табыс екені расталмаған кіріс сомасына қосымша салық есептеу керек пе?
— Шамамен солай.
— Жалпы, сіз Ресейдің күмәнді жинақ ақшаларды тартып алу идеясына қалай қарайсыз? Бұл шара қаншалықты қисынды?
— Ештеңені жоққа шығаруға болмайды. Бірақ мен бұл тәсіл туралы естідім, ол негізінен мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компаниялардың басшыларына қолданылады. Квазимемлекеттік компанияның шенеунігі немесе топ-менеджері кірістердің заңды жолмен табылғанын растай алмаса, олар мемлекет пайдасына алынады.
Яғни, бұл шаралар ол қандай да бір сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасауға жақын тұлғаларға қарсы қолданылады
Әрине, нормалар пайдалы жұмыс істеуі үшін мұндай түзетулер техникасымен әлі де жұмыс істеу керек.
— Бір жыл бұрын мемлекет карточкалық аударымдарға салық салып, Қазақстандықтардың көлеңкелі табыстарына радикалды жолмен анықтауға тырысты. Бұл банктік құпия туралы ережені тікелей бұзғандықтан идеядан бас тартты. Әлде бас тартқан жоқ па?
— Жеке тұлғалардың нақты кірістерін бақылау үшін осындай идея көтерілгені рас. Бірақ кейіннен банктік аударымдарға салық салудан бас тартты. Біріншіден, Конституцияға сәйкес салымдардың құпиялылығы құқығын бұзады. Екіншіден, банктер және банк қызметі туралы заңда қабылданған банктік құпияны тікелей бұзу.
Адамдарды өздерінің нақты кірістерін көрсетуге қызықтыру үшін басқа тетіктерді пайдалану қажет
Мысалы, жалпыға бірдей декларация енгізілгеннен кейін шегерімдер жүйесін қолдану. Азаматтардың көлеңкелі кірісін бақылаудың көптеген басқа әдістері бар. Жалпы алеғанда
Ұлттық экономика министрлігі біз үшін жабық ұйымға айналды. Олардың не істейтіні, не талқылайтыны, неден бас тартқаны маған белгісіз
Сондықтан біз олардың жоспарлаған жаңалықтары туралы білмейміз де.