Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Алматыда онлайн платформа арқылы құрбандыққа шалынған малдың етін алуға өтініш білдіргендердің саны артуда

122
Дереккөзі: almaty.tv

Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн брифингі барысында Бостандық ауданының «Байкен» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев хабарлады.

Қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында Құрбан Айт дәстүрлі мерекесіне құрбандық шалу онлайн форматта өтеді. Құрбан шалуға және сойылған құрбандық малының етін алуға өтініш беру үшін Qurban-2020 онлайн платформасы құрылған.

«Бүгінгі таңда 1305 адам құрбандыққа шалынған етті онлайн платформа арқылы алуға өтініш білдірген», — деді Данияр Жұмабаев.

Сонымен бірге, ол қала тұрғындарынан құрбандыққа 49 қой, 18 ешкі және 8 басқа малды шалуға өтініш түскенін айтып, толықтырды. Барлық еттің қайырымдылық аясында мұқтаж жандарға таратылатынын атап өткен жөн.

Құрбандық шалуға және мұқтаж, аз қамтылған қала тұрғындары ет алуға шілденің  24-і мен 30-ы аралығында сайтқа кіріп өтініш бере алады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз