Елбасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады.
– Қорды басқару жөніндегі кеңестің төрағасы ретінде «Самұрық–Қазына» қорының ішкі резервінен ірі мегаполистерде – Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында екі медициналық орталық салуға қаражат бөлуді тапсырамын. Бұл медициналық орталықтарға ғылыми-зерттеу әлеуетін шоғырландыруға арналады. Қазақстандықтардың болашақ ұрпақғын ықтимал қауіптерден қорғауға мүмкіндік береді. Үкімет пен әкімдер бұл бастаманы қолдайтынына сенімдімін, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сөзінің соңында Қазақстанның Тұңғыш Президенті коронавирус инфекциясынан қаза тапқан адамдардың отбасыларына көңіл айтып, қазақстандықтарды барлық қажетті қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.