Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Тоқаев медициналық сақтандыру қоры мен «СК-Фармация» басшылығын жұмыстан босатуды тапсырды

502
Сурет: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы бұл туралы бейне конференция форматында өткен  үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.  Қасым-Жомарт Тоқаев көптеген мемлекеттік және мемлекеттік сыңайлы құрылымдардың жұмысын қатаң сынға алды.

Толыққанды медициналық көмекті қамтамасыз ету және барынша сұранысқа ие дәрі-дәрмектерді қолжетімді ету біздің маңызды міндетіміз, —

деген президенттің сөзін Ақорда баспасөз қызметі келтіреді. —

Денсаулық сақтау министрлігі басқару барысында бірқатар өрескел қателіктер жіберді. Әкімдердің көпшілігі жұмысты тиісті деңгейде орындаған жоқ. Үкіметтің де өз міндетін орындауға шамасы жетпей жатыр.

Жіберілген қателер мен олқылықтарды анықтайтын арнайы комиссия құру қажет. Бұл комиссия тексеру жүргізіп, қазіргі бірлескен жұмысқа кедергі келтірмей, маған ұсыныстар беруі тиіс.

Біз қазір дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі мен олардың бағасын арттыру мәселесін шешуге мәжбүрміз. Бұл жағдайды шұғыл реттеп, барлық аймақтарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету қажет. Жұмыстар жүргізіледі, енді нәтиже күтеміз.

Туындаған қиындықтарға кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту үшін тергеу жүргізу қажет.

Міндетті медициналық сақтандыру қорының  және «СК-Фармация» басшылары жұмыстан босатылсын және қажет болған жағдайда тергеу жүргізсін

Эпидемия кезінде пайда көргісі келетіндерді қатаң жауапкершілікке тарту қажет. Менің тапсырмамнан кейін бұл бағыттағы жұмыс басталды. Оны аяғына дейін жеткізу керек. Өйткені

бұның соңында Ұлттық қауіпсіздік мәселесі тұр

«СК-Фармация» компаниясын білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесін шешу қажет.

Қазақстанда көптеген дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың өндірісін жолға қоятын уақыт келді. Импорттық дәрі-дәрмектерге қай уақытқа дейін тәуелді боламыз?»

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз