Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Қазақстандағы сексистер бала кезінен психологиялық жарақат алады — психологтар

343

Қазақстанда қысқа белдемше киген қыз туралы даулы роликті белсенді талқылауда. Онда әйелдің киіміне қарап, оның кім екенін және немен айналысатынын айтуға болады деген идея насихатталады. Тірлі пікір айтылды, соның ішінде осы видеороликке тапсырыс берген

Шымкент Жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Данияр Аланның сексистік көзқарасын білдірген жазбасы тарап кетті

Ол әйелдер ақымақ жаратылыс деді. Бұған дейін осыған ұқсас пікірді ЕҰУ-дың оқытушысы Ерлан Сүлеймен де айтқан еді. Сол үшін жұмыстан да шығарылды.

Сексистер бейсаналы түрде өз аналарынан кек алады

Әйелдерді төмендетуге тырысудың психологиялық та себебі бар. Бұл туралы 365info.kz порталына психологтар жан-жақты түсіндіріп айтып берді.

ҚР Психологтары қауымдастығының президенті Владимир Стеблянко әйелдерді төмендетуге тырсу — жеке тұлғаның ерекшелігі.

— Олардың барлығы бала кезде қалыптасады.

Кішкентай балаға анасы көп сын айтып, жағымсыз баға берсе немесе ұрып-соғулар болса, ол өмір бойы оған өкпелеп, ренжіп өтеді

Бұл негатив ересек өмірде сырқа шықпай тұрмайды. Сондықтан әйелдерге айтарым: балаларыңызды махаббатқа, мейірімге бөлеп өсіріңіздер, сонда еркектерде де болашақта қандай да бір оғаш қылықтар көрсетпейді, — дейді ол.

Теріс үлгі

Психолог Елена Акчалова пікірінше, әйелдерді кемсітуге талпыну отбасынан бастау алады. Балаларының көзінше әйелін кемсітіп, қорлық көрсететін еркектер теріс үлгі көрсетуі мүмкін.

— Бала кезінде алған тәрбиесі де ықпал етеді, сондай-ақ адамның ортасы мен көзбен көрген оқиғалары да оның өмірінде із қалдыратыны анық. Әкесінің анасын қорлап, қол көтеріп жатқанын көрген бала, болашақта оны қайталауы мүмкін. Ал

ер адам қысқа белдемше киген қызға ұяттан безген және қолжетімді деген баға беретін болса, ол өзі шыққан ортадан хабар береді

Бір кездері оларды бейсаналы түрде бойына «сіңіріп», енді оны шындық ретінде қабылдайды, — деп түсіндіреді маман.

Әлеуметтік желідегі сексизм — реніштің көрінісі

Психологтың пікірінше, өзінің терең ойларың туралы көпшілікке жария салу ниеті ішкі жарақаттарды бейсаналы түрде реттеуге тырысумен байланысты.

— Адамды ішінен бір нәрсе алаңдатады, ол сол арқылы «емделуге» тырысады

Әйелдерге қатысы ішкі агрессия да болады. Бұл анасынан бастап, басқа әйелдермен қарым-қатансын дұрыс құра алмаудың нәтижесі. Оның себебі көп. Бірақ барлығы отбасынан басталады және тәрбие мен қоршаған ортасына да бйланысты, — деп атап өтті  Елена Акчалова.

Ер азаматтар соғысқа қатысып, қуғын-сүргінге ұшыраған кезде, бар ауыртпалық әйелдердің мойнына артылды.  Әйелдер балалардың, соның ішінде ұлдардың тәрбиесімен айналасуға мәжбүр болды, әкелік қаталдық жетіспеді.

Үлгі боларлық әкенің бейнесі жоқ

Көптеген әкелер бүгінде кішкентай бараларына көңіл бөле бермейді. Ал

бір жастан үш жасқа дейінгі кезеңде әкенің болуы өте маңызды

Оның қызын немесе ұлын қолына алып, ойнатып, мойна отырғызғаны және еркелеткені керек.

Әйелдерге де өзгеретін уақыт келді

Оның пікірінше, мемлекеттік деңгейде түсірілген әйелдердің ар-намысын таптайтын роликтер елде адамдардың сана-сезімін дамыту жұмысы дұрыс жолға қойылмағанын білдіреді.

— Қазақстанда әйелдердің де ойлау жүйесін өзгерту керек, себебі

олардың көбісі бүгінде күң секілді өмір сүріп жатыр

Олар өздерін, жеке тұлғалық қасиеттерін тануы керек. Бірақ біздің әйелдер кейбір дәстүрлердің оларды үйдегі күңге айналдырғанын түсініп келе жатыр.

Надежда Вырва

Мәселе олардың заң жүзінде қорғауға алынбауында. Полицейлер отбасылық зорлық-зомбылық фактісі бойынша шақыртуларға барып, тек озбыр күйеумен тек түсіндіру жұмыстарын жүргізген жағдайдар көп емес пе?

Әйелдерді қорғауды күшейту керек

— Жалпы алғанда соңғы жылдары жағдайды жақсартатын қандай да бір шаралар қабылданбады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына материалдық көмек көрсету керек, ана мен бала үйін көбірек салу керек

Отбасында қорлық көрген әйел кететін болса, көшеден қалмайтынын және алғашқы уақытқа жететін тиісті жәрдемақы алатынын білуі керек, — дейді психолог.

Маманның айтуынша, барлық билік органдарында, соның ішінде білім беру саласында жүйелі шаралар қабылдануы керек. Ал бұндай шараларға кедергі келтіретін шенеуніктерді билік құрылымдарынан ығыстырған жөн.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз