Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Пандемия — жемқорлардың уақыты. Коронавируспен күресте әлем қандай тәуелкелге барды?

255

Әлемдік экономика қысқаруда, ал қаржылық шиеленіс артуда. Алаяқтық, жемқорлық және ақша жылыстау әрекеттерін іске асыратын тамаша уақыт.

Канадалық алаяқтықпен күрес орталығының сарапшылары осындай шешімге келді. Олардың мәліметтері бойынша 2020 жылдың 6 наурызынан 1 мамырына дейінгі кезеңде әлеуметтік жәрдемақыға қатысты жасалған алаяқтықтық кесірінен ел тұрғындары 1,2 млн доллар қаржыны жоғалтқан. Құжатта айтылғандай,

«тұтынушылар арасындағы қорқыныш, сенімсіздік пен дұрыс ақпараттың болмауы оларды алаяқтық және киберқылмыс арқылы пайдалануға жақсы жағдай жасады».

Сондай-ақ,

орталық сарапшылары қадағалаушы және «жедел құрылған карантиндік билік органдарында» жемқорлықтың артқаны туралы атап өтті

Дегенмен бұл Канадада ғана емес, бүкіл әлемдегі жағдай.

Қазіргі жағдайдағы қауіп

Атап айтқанда, канадалық сарапшылар:

  • елдің сыртқы шекараларының және ішкі аумақтардың бөлігінің жабылуына байланысты құқық қорғау, шекара және кеден қызметтеріндегі сыбайлас жемқорлық;
  • карантин жағдайында лицензия беретін санитариялық бақылау топтарының өздеріне жұмысты жаңғырту немесе тоқтатпау бойынша берілген өкілеттіліктерін теріс пайдалануы;
  • медициналық қорғау құралдарын жеткізу кезінде жекелеген компанияларды қолдау және гуманитарлық көмек ретінде белгіленген тауарлардың сатылымға шығарылуы.

FATF — ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылмен айналысатын тәуелсіз үкіметаралық құрылым осындай қорытынды жасады.

Мамыр айының ортасында FATF Covid-19 жол ашқан ақша жылыстату және сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктері туралы баяндама жариялады. Оның ішінде:

  • заңсыз қаражатты ауыстыру және жасыру үшін қаржылық қызметтер мен виртуалды активтерді теріс пайдалану;
  • экономикалық ынталандыру шараларын пайдалану;
  • ішкі, халықаралық қаржылық және төтенше қаржыландыруды теріс пайдалану,  заңсыз иелену.

Өткен жылдардың тәжірибесі

Transparency International (TI), сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі халықаралық ұйым гуманитарлық көмек жеткізушілеріне арналған ұсыныстарды жариялады. Олар бұрын болған төтенше жағдай тәжірибесіне негізделген.

Атап айтқанда, ТI 2014-2016 жж таралған Эбола безгегі кезінде құжатталған сыбайлас жемқорлық тәжірибесіне сілтеме жасай отырып:

  • шенеуніктермен үлестес коммерциялық құрылымдардың гуманитарлық құралдар мен медициналық мақсаттағы заттарды иеленіп, кейіннен халыққа немесе мемлекетке тендерлік мемлекеттік сатып алу жолымен сату;
  • гуманитарлық көмек беруде  әдейі ұйымдастырылған бюрократиялық кедергілер блок бекеттерде пара беруге мәжбүр етеді.

Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдарының Халықаралық федерациясының бағалауы бойынша, Эболамен күрес кезіндегі қызметінің барысында

жемқорлықтың кесірінен олар 6 миллион АҚШ долларына жуық қаржы жоғалтқан

«Жемқорлық кейде гуманитарлық жағдайларда бизнес жүргізу құны ретінде қарастырылады.  Алайда, өткен төтенше жағдайлардан байқағанымыздай, сыбайлас жемқорлық гуманитарлық дағдарысты ұзартып, олардың әлеуметтік, адами және экономикалық шығындарын арттыратыны анық», — дейді Transparency International.

COVID -19-ға қатысты нақты жағдай

Қазіргі уақытта бірде-бір халықаралық ұйымның нақты фактіге қатысты сыбайлас жемқорлықтың қатысы бар деп мәлімдеуге батылы жетпейді.

TI-де мәлімдегендей, пандемия кезіндегі журналистік тергеулердің қорытындысы жиналды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйым  «фактілерді барлық жағынан мұқият талдағаннан және тексергеннен кейін» өзінің бағасын береді.

Пандемия кезінде көптеген Еуропа елдерінің тұрғыны жеке қорғану құралдарын жедел жеткізуді талап етті. Үкімет қиындыққа тап болып, мемлекеттік сатып алудың ашықтығын, тиімділігін және адалдығын қамтамасыз етуге арналған стандартты рәсімдерден бас тартудан басқа амалы қалмайды.

Яғни, елдер мемлекеттік сатып алудың ашық схемасын айналып өтуге мүмкіндік беретін ерекшеліктерге жүгінеді. Мұны шенеуніктер белсенді пайдаланды.

Италия

Сәуір айында журналистер бұрын алаяқтық және мемлекеттік қаражатты мақсатсыз жұмсағаны үшін айыпталған бизнесмендерге  екі мемлекеттік келісімшарттың берілгенін анықтады.

Олардың бірінен мемлекеттік субсидия алу үшін жалған кәсіпорын құрды деп күдіктенген. Екіншісі электрондық сауда саласындағы алаяқтық: ол көтерме тапсырыстары үшін ақша алып, алайда тауарларды жеткізбеген.

Осы істерді тергеу кезінде бірнеше үкіметтік қызметкерлердің аты-жөні аталды, олар алайда олар әлі күнге дейін өз орындарында жұмыс істейді

Румыния

BSG компаниясы 860 мың еуро қаржы бөлінген,  медициналық маскалар мен қорғау костюмдерін сатып алу бойынша мемлекеттік тапсырысты орындады. Келісімшарт конкурстан тыс негізде жасалды. Тапсырысты орындаған компания 40% пайда алды.

Мұнда сыбайлас жемқорлыққа себеп болатын екі факті бар.

Біріншісі — компанияны  бұрын министрліктердің бірінде жұмыс істеген әйел сатып алған, оны қазіргі премьер-министр басқарған. Компанияны ДДҰ жаһандық пандемия туралы жариялаған күні сатып алған. BSG бұрындары дәстүрлі емес емдеу жолдарымен айналыса да,  үш күннен кейін мемлекеттік тапсырысқа қол жеткізді.

Екіншіден, бетперделердің сапасы өте төмен болды. Ол әйел бұған дейін қалалық көлік нарығындағы бәсекелесін қылмыстық күшпен  алып тастауға әрекет еткені үшін кінәлі деп танылды. Яғни  бетперделер мен қорғау костюмдерінің әлеуметті жеткізушілерінің қатарына енбеуі керек еді.

Үндістан

Провинциялардың бірінде карантинге байланысты су жеткізу мәселесі туындады. Мемлекеттік тапсырысты орындап келген ауыз су тасымалдаушы компания — су ресурстары министрлігі ынтымақтастықтан бас тартты. Себебі — менеджерлердің бірінен коронавирус анықталды. Бәрі орынды болып көрінеді.

Алайда, жергілікті газеттің журналистері ведомство басшысы мен оның көмекшілерінің телефон арқылы сөйлескен жазбаларын жариялады. Сонда министр тағы 200 млн рупи қосымша ақшаға қол жеткізеді, ал көмекшілері онымен бөлісуге дайын жеткізушілерді табады.

«Ақша артығымен бар — әркімге жақсы кесек беріледі» — аудиожазбада осындай фраза келтіріледі.

Тағы бір іс карантиндік шараларды жеңілдетуге қатысты. Атап айтқанда, Денсаулық сақтау министрлігі жанынан құрылған санитарлық нормаларды сақтау жөніндегі агенттіктің кейбір филиалдары жұмыс істеуге рұқсат бергені үшін бизнес иелерінің «алғысын» алған.

Бұған дейін агенттік бизнеске қойылатын жалпы талаптар тізімін шағырды. Оның провинциядағы филиалдары  жағдайға қарай тізімге толықтырулар енгізе алады.

Бұл талаптарды орындау мүмкін емес болғандықтан, рұқсат алу үшін пара беруге тура келді

Түйіндеме

Көптеген елдің баспасөзінде жарияланған фактілер сыбайлас жемқорлық туралы хабар береді. Бұл  қаптамасында қытай тіліндегі  «Сатуға болмайды. Гуманитарлық көмек үшін» деген жазбаға қарамастан, бетперделерді сатуға әсер етпеді.

Дәріханалардың барлығы бірдей мемлекеттік қордан қорғау құралдарын ала алмайды. Оның үстіне халыққа сату бағасы тым жоғары екені анық.

Алайда, Transparency International-ның пікірінше, қазіргі уақытта бұл үкіметтік топтар тарапынан жасалған әдейі әрекеттер деп айтуға болмайды.

Жемқорлыққа қарсы ұйым

бұндай фактілер ел үкіметтерінің төтенше жағдайларға арналған нақты жұмыс алгоритмінің жоқтығы көрсетеді деп есептейді

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз